«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігін өткізу аясында 2-3 ақпан күндері бірінші және екінші курс топтарында рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызына арналған «Мейірімділік біздің айналамызда», «Балаларға берілген жүрек» атты сынып сағаттары өткізілді. Педагогтер мен студенттер бағдарлама авторының өмірінен сыр шертіп, оның қызметі, адам тағдыры туралы ойларын, Сара Алпысқызының әрбір өсіп келе жатқан адамға, оның ата-анасына, педагогтарға жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін түсінудің маңызын айтып берді.

Authorization
*
*
Password generation