«Әскерге шақыру жасындағы жастардың құқықтық нормалары»

Бастапқы-әскери дайындық жетекшісі колледждің бозбалаларына «Әскерге шақыру жасындағы жастардың құқықтық нормалары» лекторийін өткізді. М.Б. Күренбаев өз сөзінде «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына тоқталды. Білім алушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті екенін атап өтті. Әскери қызмет – Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларына қол сұғылмаушылықты Қарулы қорғаумен байланысты әскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі.

Authorization
*
*
Password generation