«Бір ел-бір кітап – 2022» акциясы.
2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпыұлттық оқуға арналған кітаппен 150 жылдығын БҰҰБҒМҰ атап өтетін мемлекет қайраткері, ғалым, ақын, публицист, ағартушы және реформатор Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығы таңдалды. Ахмет Байтұрсынов бай ғылыми мұра қалдырды, түркітілдес халықтар бірлігінің сенімді жақтаушысы, отандық лингвистикалық ғылымның негізін қалаушы, қазақ әліпбиінің авторы болды. Оның бүкіл өмірі қазақтардың өзін-өзі анықтауына, мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуына, ғасырлар бойы қазақ ұлтының өзіндік халық шығармашылығының сақталуына байланысты болды.
Колледж кітапханасында туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы» атты кітап-иллюстрациялық көрме ұйымдастырылып, оның ғалым, мемлекет қайраткері, әдебиетші, журналист, «Алаш» қозғалысының қайраткері ретіндегі көп қырлы қызметі ашылды. Көрмеге А.Байтұрсыновтың «Ақ жол», «Тіл тағылымы» атты белгілі еңбектері, оның «Маса», «Жоктау» әдеби шығармалары және т. б. қойылды. Көрменің бір бөлімі оның өмірі мен шығармашылық қызметін зерттеген ел әдебиеттанушыларының монографияларына арналған.
Акция аясында колледж студенттері Облыстық кітапханада өткен «Ұлттың рухани көсемі» республикалық оқырман конференциясына қатысты. Іс-шараға А.Байтұрсыновтың рухани мұрасын толық игеріп, жастарға берген біздің өңірдің белгілі ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонымен қатар, ақынның Отаны-Қостанай облысы да онлайн форматта қосылды. А. Байтұрсынов атындағы мұражай басшысы Гульбан Сарсекке қатысушылардың назарына бейнепрезентация ұсынылды. ZOOM–платформа арқылы Ахмет Байтұрсыновтың жерлесі, ахметтанушы, ғалым Ибраһим Ағытай баяндама жасады.
4-22 сәуір аралығында колледжде «Ахмет – Ұлт ұстазы» атты үздік эссеге шығармашылық байқау өтті. Жарысқа қатысқандар Саят Ырысбеков, Юсуф Маулит (ТНГ 20-9-1 тобы) және Уали Жаксыбай (ТОРО 20-11 тобы) алғыс хаттармен марапатталды.
1-25 қараша аралығында колледжде «Бір колледж-бір кітап» промо – акциясы өтті! Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларынан қанатты сөздердің бірін немесе дәйексөзді таңдап, балалар ақынның өмірі мен шығармашылығына назар аудару мақсатында мотивациялық бейнеролик түсірді (1-3 мин.), оның негізгі идеясы жұртшылықты оқуға, білім алуға, рухани дамуға, адамгершілік пен мәдениетке шақыру болды.
«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша кітап көрмесі
«Бір ел – бір кітап» акциясының негізгі мақсаты – тарихи – мәдени және рухани мұрамыз бен қатар қазақ әдебиеті классиктерінің үздік шығармаларын насихаттау; кітап оқу мен кітапқа деген қызығушылықты арттыру; жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, патриотизм сезімдерін қалыптастыру.
Биыл акция форматы өзгерді. Оқуға 3 кітап таңдап алынды. Олар: Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармалары «Үш анық»; Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы; Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» повесть – монологы.
Бұлар түрлі кітаптар, бірақ оларға ортақ нәрсе – авторлардың қиын тағдыры мен олардың өмірдің қиындығы мен күрделі сәттерін жеңе білгенінде.
Колледж кітапханасында тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ол авторлардың шығармашылығы мен өмірбаянын қамтиды және 3 бөлімнен тұрады.
- «Әдебиетіміздегі ұлы тұлға – Ш. Құдайбердіұлы» (9 кітап, газет, портрет)
Бұл бөлімге 9 кітап және 1 газет материалы қойылды. Барлық әдебиет Ш. Құдайбердіұлы сияқты ойшыл, ақынның шығармашылығы туралы мол мағлұмат береді. Оқырмандарға 3 кітап оқуға берілді.
2. Жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы (19 кітап).
Әскер қатарынан демалысқа шыққан Б. Момышұлы Қазақстанның жазушылық әлеміне қарқынмен еніп, соғыс туралы, оның ерлері туралы шынайы кітаптар жазып, соғыстың этикалық, адамгершілік, психологиялық мәселелері туралы ой түйді.
Оның қалың оқырманға жақсы таныс кітабы «Ұшқан ұя» 1974 жылы «Жазушы» баспасында басылып шыққан болатын.1976 жылы шығарма ҚазКСР – ның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. «Ұшқан ұя» автордың шоқтығы биік ерекше шығармасы, себебі осы арқылы ол қалың оқырманға тарихи шындықты көрсетуде шеберлігімен таныла білді.
Көрмеге 19 кітап қойылды. 2 тілде «Ұшқан ұя» кітабы, Б. Момышұлының әңгімелер жинақтары, А. Бектың «Волоколамское шоссе» кітабы және ол туралы кітаптар. Көрмеден 7 кітап оқуға берілді.
3. Ұлы ерлік иесі Немат Келімбетов (2 кітап, 1 буклет)
Бұл бөлімде 2 кітап қойылып буклет ұсынылды. Автордың «Үміт үзгім келмейді» повесть – монологы өз өмірбаянын қамтыған. Ауыр науқасына қарсы тұрып оны жеңе білген, мықтылығы мен қажырлылығы арқасында ғылым да, әдебиет саласында үлкен ерлік пен еңбек жасаған тұлға.
«Бір ел –бір кітап» акциясы
2007 жылдан бастап Қазақстанда ҚР Ұлттық академиялық кітапхана және ҚР Кітапханашылық ассоциация бастамасымен , сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Бір ел – бір мемлекет» атты республикалық акциясы ұйымдастырылады.
Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін көпшілікке тарату, қоғам мүшелерінің кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасына деген зерттеушілік қызығушылықты дамыту, өскелең ұрпақты зияткерлік-рухани тәрбиелеу.
Өткен 2016 жылы акция ХІХ ғасырдағы атақты суырып салма ақын Дұлат Бабатайұлы мен оның «Өсиетнама» шығармасына арналды.
Құрмметті оқырмандар!
«Бір ел – бір мемлекет» атты республикалық акциясының қазылар алқасының шешімі бойынша 2017 жылы қазақ ақыны, жазушысы Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығымен таныстырылу үшін тағайындалды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жарқын жұлдыздарының бірі, ақын-демократ, жазушы және философ, көсемсөзші және әдіби сыншы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқуға шақырамыз.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Көкшетау облысы Қызыл-Тау ауданында 1893 жылғы 29 қазанда дүниеге келді. Төрт жасынан бастап Павлодар облысы Баянауыл ауданында тұрды.
13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды.Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады.
1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?” т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды.1916 – 17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды.
Ақын 1920 жылы, 27 жасында қайтыс болды. Ғұмыры қысқа болса да, артынан қалдырған әдеби мұрасы зор екендігі сөзсіз анық.