Return to ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ЖҰМЫС

Тәжірибе

Тәжірибе
Тәжірибе білім берудің міндетті бөлімі болып саналады.  Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасын іске асыруда практиканың келесі түрлері қарастырылған: оқу және өндірістік.
Оқу тәжірибесы – білім беру үрдісінің бөлігі, негізгі мақсаты – теориялық білім мен практикалық дағдыларды біріктіру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттердің орындалуы жүзеге асырылу керек: білімді тікелей қолдану барысында бекіту; жүйелі жаттығулар мен тапсырмалар орындау барысында білік пен дағдыларды қалыптастыру; технологиялық проблемалық жағдаяттарды шешу барысында теориялық білімдерін тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру. Оқу практикалары қажетті құрал-жабдықтар, материалдар мен құралдармен жабдықталған  колледждің оқу лабораториялары мен шеберханаларында жүргізіледі.
Өндірістік тәжірибе – білікті жұмыскерлер мен мамандарды даярлау бойынша оқу үдерісінің практикалық бөлігі, әдетте нақты өндіріс жағдайында түрлі кәсіпорындарда жүргізіледі. Оқу практикасының қорытынды бөлігі болып табылады. Өндірістік практика кезінде теориялық оқу-тәжірибешілік оқыту нәтижелерінің бекітілуі мен нақтыландырылуы іске асырылады,студент таңдаған біліктілік пен мамандық немесе кәсіп бойынша практикалық жұмыста қажетті білім мен дағдылар қалыптастырылады.
Өндірістік тәжірибе негізгі үш кезеңнен тұрады: жұмыс мамандығын алу бойынша тәжірибе (тұңғыш кәсіби дағдыларды қалыптастыру үшін), технологиялық және диплом алдындағы практика.
Оқу үдерісінде болашақ кәсіби қызметке максималды түрде жақындатылған практиканың трансформациясы – Мемлекеттік білім беру стандарт талаптарымен  айқындалған заңды құбылыс  деп айтуға болады.
Authorization
*
*
Password generation