Павлодар химия-механикалық колледжі жалпы көлемі 5899,7 м2 (оның ішінде оқу көлемі – 3325,5 м2 ) құрайтын екі корпустан тұратын тұрпатты ғимаратта (басты А-корпусы және Б-корпусы) білім беру қызметін іске асырады.
Екі корпустың жобалық қуаты 490 отырғызу орынға арналған. Колледж іске асыратын білім беру бағдарлама талаптарына сай оқу сабақтарды жүргізу үшін 32 аудитория (оның ішінде 22 оқу кабинеттері, 7 лаборатория және 3 шеберхана) жабдықталған, сонымен қатар тектес пәндер мен мамандықтар біріктірілуінің мүмкіндігі есепке алынған. Осыған қоса колледжде кітапхана, мәжіліс залы, спорт, сауықтыру, конференц-залдары және асхана, медициналық кабинеттері бар.
«Мұнай-газды өңдеу және химиялық кәсіпорындардың құрал-жабдықтарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу» 0808000 мамандығы бойынша білім алушыларға арналған жалпы көлемі 720 м2 «Технопарк» құрамына 7 лабораторияның екеуі, 3 шеберхана, 12 оқу кабинеті мен конференц-залы, осыған қоса екі киім шешетін бөлмелер енгізілген. Барлық шеберхана мен лабораториялардың ресімделуі болашақ маманның жұмыс орнының құрылуына максималды түрде теңестірілген.
«Технопарк» 2013-2014 оқу жылында «Павлодар мұнай-химиялық зауыты» ЖШС қаражаты есебінен «Әлеуметтік серіктестік туралы шарты» аясында құрылған. Зауыт «Технологиялық парк» құрамына оқу шеберханалар үшін жабдықтарды, құрал-жабдықтар кешендерімен аласа шкафтарды, құралдар үшін метал шкафтарын, 40 заттан тұратын екі құрал жиынтықтарын, фрезерші мен токарь мамандары үшін құрал-жабдықтарының шкафтарын және де темір шеберінің болат қысқышын ұсынды. Осыған қоса, Дүниежүзілік банкінің білім беру гранты бойынша «Техникалық және кәсіби білім беруді жаңғырту» институционалдық даму жобасын іске асыру шеңберінде шеберхана мен лабораториялар үшін арналған жаңа құрал-жабдықтар сатып алынды. Аталған қаржы есебінен басты корпустың 8 кабинеттері жаңартылды. Құрал-жабдықтарды таңдау барысында әлеуметтік серіктестерінің талаптары есепке алынды. Шеберханалар мен лабораториялар жабдықталуына под-грант сомасының 70% жұмсалды.
Шеберханалар мен лабораториялардың жаңғыртылыуы 2013 жылы әлеуметтік серіктестер, яғни «ПМХЗ» ЖШС және «Каустик» АҚ деген кәсіпорындары мамандарының пікірлерін есепке алып, жүзеге асырылды.
2015 жылдан бастап басқа қалаларда тұратын және «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарлама бойынша білім алушылар үшін колледж теңгеріміне 2898,8 шаршы метр көлемімен жатақхана (96 орынға арналған 46 бөлме) есепке алынды.
Білім алушылардың ыңғайлы өмір сүрулерін қамтамасыз ету үшін 2016-2017 оқу жылында тұрмыстық бөлмелерінің күрделі жөнделуі жүргізілді.
Колледжде білім алудың жалпы ақпараттық ортасы құрылған, құрамында 65 дербес компьютер, 2 локалды желі, 2 ақпараттық киоскі бар, мәліметтерді жіберу жылдамдығы 100 Мбит/с құрайтын бірыңғай есептеу желісі іске қосылған (корпоративтік желі құрылымын арнайы техникалық жаңарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін мәліметтерді жіберу жылдамдығы 1 Гбит/с-қа дейін жеткізіледі).
Колледж оқытушылар және оқушылар үшін Wi-Fi мен Интернет желісіне тегін қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Барлық құрылымдық бөлімшелер, кітапхана, жатақхана Интернет ресурстарына қосылған.