2020 жылдың 1 қазанында “Павлодар химия-механикалық колледжі” КМҚК Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған Тілдер апталығы аясында “Тіл-достық көпірі”іс-шарасы өткізілді. Зияткерлік ойынға ТНВ-20-9 тобының студенттері қатысты, шараны ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Н. А. Якубова.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру; танымдық қызығушылықты дамыту, орыс, қазақ, ағылшын тілдері бойынша ой-өрісін кеңейту және білімдерін тереңдету қажеттілігі; өз ана тілін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Қазақстанда 130-дан астам халық өмір сүретініне және әрқайсысының тілі бірегей екеніне назар аударылды. Ана тіліне деген қызығушылық, оның жазбаша және ауызша формаларын жетік білуге деген ұмтылыс әрқашан мәдени адамды сипаттайды.