«Туған өлкенің тарихы»

Колледжде Республика күнін мерекелеуге арналған онкүндік аясында ТНГ 22-9-1 тобының білім алушылары Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып, «Туған өлкенің тарихы» викторинасына қатысты.
Іс-шара Қазақстан тарихы туралы білімді тереңдету, ойынға қатысушылардың ой-өрісі мен эрудиция деңгейін кеңейту, азаматтық сезімін, патриотизмді және тарихи және мәдени дәстүрлерге ұқыпты қарауды тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Викторина сұрақтары 3 тақырыптық блокқа (турға) бөлінді: «Менің елім», «Фото сұрақтар», «Есімдер». 2 командаға бөлініп, балалар сұрақтарға жауап бере отырып, өз білімдерін қуана көрсетті.
Викторина жеңімпаздары тәтті сыйлықпен марапатталды.
Authorization
*
*
Password generation