19 қазан күні Республика күні қарсаныңда колледжде «Туған жерім –Қазақстан» атты концерт өткізілді.
Концертте «Достық үйі» КММ шақырылған қонақтар өз өнерлерімен білім алушыларды ерекше қуанышқа бөледі. Мерекенің маңыздылығы мен мәні артта түсті. Қонақтарымыз өздерінің әндері мен әсем билерімен сахнамыздың сәнін келтірді.
Концертімізді ерекше тербетілген домбыра үні, баянның сыңғыр дауысымен әрлеген музыкалық колледж студенттеріне алғысымызды білдіреміз.
Шақырылған қонақтарға колледж ұжымының атынан алғыс хаттар берілді. Көрермендер өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.