2018 жылдың 16 наурызында арнайы пәндер оқытушысы С.Т. Жакупова 0816000 мамандығы «Химиялық технология және өндіріс»(түрлері бойынша) БЗХТ-16-9 тобында технологияның физика-химиялық негіздері пәні бойынша «Экстракция. Өзара араласпайтын сұйықтықтарда үшінші компоненттің таралуы. Нернст-Шилов таралу заңы» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ жаңа ұғымдарды беру сабағы болды.
Сабақ барысында оқытушы мәселелік, жобалық және көрнекілік әдістер қолданды. Сонымен бірге, ақпараттық-коммуникативті технологиялар қолданды. Сабақта ЗD презентациясы қолданды. Оқушыларға алдын ала тапсырмалар берілді. Оқушылар тапсырма бойынша жобалар дайындап, сабақта қорғады.
Сабақ лайықты әдістемелік деңгейде өтті, сабақ мақсаттары мен міндеттері толығымен орындалды. Сабақтың барлық кезеңдері уақыт бойынша және мазмұны бойынша сай келді. Сабақ сонында рефлексия өткізілді. Осы кезде оқушылар өз пікірлерін білдіріп, оларға әсіре ұнаған кезеңдерді атап өтті.
Сабақта колледж әкімшілігі және оқытушылар қатысты.