Жалпыадамзаттық құндылықтар білім беру жүйесіндегі басты бағдар болып табылады, бұл өзгермейтін нәрсе – махаббат, дұрыс әрекет және әділдік, өмірдің барлық көріністеріне құрметпен, рақымдылықпен және шыдамдылықпен қарау.
«Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» коучингі аясында МГҚТ 19-9-1 тобының студенттері шығармашылық нөмірлерін көрсетті: «Сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылықтарын талқылаған кезде Останин Артем Р. Рождественскийдің «Все начинается с любви» өлеңін оқып берді, ал «Бейзорлық» құндылығын талқылағанда Әнуарбек Наурызбай «Мейірімді болайық» композициясын гитарада орындап берді.