Құрметті студенттер, талапкер, ата-аналар, жұмыс берушілер!
«Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!»
«Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпарат
«Мәңгілік ел жастары «Серпін-2050» бағдарламасымен «Павлодар химия – механикалық колледжі» 2015 жылдан бері Оңтүстік аймақтарының жастарын Павлодар өңіріне бейімдеп, өндірістік мамандықтарға оқыттып келді.
Бүгінгі таңда 2018 жылғы түлектермен тығыз байланыста, 23 студет оқуды аяқтап оның 11-і біздің өңірдегі зауыттарда белсенді жұмыс жасауда, сонымен қатар Атырау, Қызылорда, Шымкент қалаларындағы зауыттарына орналасып өз білімдерін шыңдауда.
Павлодар химия-механикалық колледжінде 0808000 « Мұнай, газ химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалақ қызмет көрсету және жөндеу» (түрлері бойынша) мамандығымен 58 студент бюджет негізінде оқытылды. Оларды толықтай тегін жатаханамен қамтамасыз етткен, жатақанада студенттерге арналған компютер сыныптары, демалыс орындары және де сымсыз интернеттік желі тәулік бойы жұмыс істеуде. Колледждің материалдық базасы заманауи техникалар, станоктар және зертханалармен қамтылған.
Өндірістік тәжірибе барысында бағдарлама қатысушылары өңіріміздің «Павлодар мұнай өңдеу зауыты», АО «Алюминий Қазақстан», ТОО «Тотал Сервис», KSP Стил., «Кастинг», «Каустик» зауыттарынан оқу – тәжірбие жинауда.
Студенттердің бос уақыттарын қамту мақсатында әр түрлі іс -шаралар ұйымдастырылып отырды, сонымен қатар студенттердің жеке жағдайы мен үлгерімін мұғалімдер назардан тыс қалдырмады.