2018-2019 оқу жылы ішінде волонтерлер әр түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысты. Бірақ бәрінен бұрын олар азаматтық-патриоттық бағыттағы және әлеуметтік маңызы бар науқандарға қатыстырылды.
Біздің колледждің ерікті-студенттері бірлескен жоспарға сәйкес «Тұрақты баспанасы жоқ балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу Павлодар қалалық орталығы» КММ-не жүйелі түрде барып тұрады. Олар әр үш айда орталыққа киім-кешектер мен ойыншықтар жинады.
«Родник добра» волонтерлер қозғалысының еріктілерімен 2018-2019 оқу жылында 6 іс-шара өткізілді.