«Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты Абай оқулары ақынның 175 жылдығына орайластырып өткізілген шара.
Бұл сайыстың мақсаты: оқушыларды Абайдың шығармаларына, жалпы әдеби шығармашылыққа қызығушылықты жандандыру, өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу.
Сайысқа химия-механикалық колледж оқушыларының ішіндегі қазақ тілін жетік білетін өзге ұлт өкілдері қатысты. Олар: «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша 19-9 тобының оқушылары Стаценко Марина және Шамраева Настя, «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша 19-11 тобының оқушысы Мозуляко Галя, «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша 19-9-1 тобының оқушылары Останин Артем, Новичков Сергей, Филатов Дмитрий, Гончарова Полина, Афанасьев Андрей.
Барлық қатысушылар сайыска жақсы дайындалған. Абайдың шығармаларын оқыған оқушылар қазылар алқасын да, көрермендерді де таң қалдырды.
I-орынға Останин Артем, II-орынға Новичков Сергей, III-орынға Гончарова Полина ие болды. Барлық оқушылар Мадақтау қағаздары және Алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл шара ұрпақтарымызбен берік қол ұстасып, болашаққа қадам басуымызға көмектеседі деп ойлаймын.