Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жақын қалды! Осы керемет мейрамның қарсаңында Павлодар химия-механикалық колледжінің кітапханасында «Көктем, махаббат және сұлулық жайлы» безендірілген көрме ашылды.
Қаламгерлер әрқашан Әйелдің асқақ болмысын жырға қосып келді. Ұлы даланың жазушылары мен драматургтері де нәзік жандылар қауымының сан қилы тағдырын сипаттады. Кейіпкерлерінің бойына рухани жарасым, жақындарына, әсіресе, балаларына деген махаббат сезімдерін суреттегн жазушылар сол кездегі қазақ әйеліінң бейнесі қазіргі замандағы образдарымен үйлесім табатынын білді ме екен? Колледж әкімшілігі арулар қауымын көктем мерекесімен құттықтап, келесідей жыр жинақтарын ұсынады
Мұқағали Мұқатаев «Өмір –өзен »атты өлендер және дастандар жинағы
Фариза Оңғарсынова Өлендер және дастандар жинағы
Нұрсұлтан Әлімқұлов «Елім бар, мерекелі» атты өлендер жинағы
Айбатыр Сейтақ «Ай мен ару» өлендер жинағы
Көрмеге қойылған әдебиет танымал қазақ ақындарының өмір жолы мен шығармашылық тағдыры, еліміздің дамуы мен өкрендеуіне үлес қосқан қайраткер әйелдер, жазушылар, қаламгерлердің аналары, жарлары туралы баяндайды.
Студенттер мен оқытушылар көрмеден арулар ақуымы туралы жазған Фариза Оңғарсынова, Мұқағали Мақатаев, Шәмші Қалдаяков, Мағжан Жұмабаев, Ділда Матайқызы, Айбатыр Сейтақ және басқа да ақын-жазушылардың шығармаларыментаныса алады.