2019 жылдың 14 қарашасында Павлодар химия-механикалық колледжінің конференц залында студенттерге «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнін оқыту жобасының аясында Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылған дәріс өткізілді. Дәріс қонақтары Павлодар облысы прокуратурасының қызметкері Кундызбаев Жанат Маратович және «Темирмаш» ЖШС өкілі Фоменко Андрей Сергеевич.
Іс-шараға ӨЖТҚКЖ 17-9 және БЗТ 17-9 тобының оқушылары қатысты. Негізгі мақсат – жастарда экономикалық ойлау мен кәсіпкерлік қызмет дағдыларын қалыпастыру, сондай-ақ бизнес өкілдерінің тәжірибесін зерделеу.
Кездесу өткізу барысында кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің бастығы Абылгазина Ажар Арыстановна «Атамекен» ҰКП-ның қызметі туралы, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Фоменко А.С. өзінің тәжірибесімен бөлісіп, студенттерді жатпай-тұрмай еңбек етуге, нақты мақсаттар қойып, оларға жету үшін барлығын жасауға шақырды. Кундызбаев Ж.М. өз ісін ұйымдастырудың құқықтық мәселелеріне тоқталды және заңды бұзған үшін жауапкершілікке тартылу жөніндегі сұрақтарға назар аударды. Тыңдаушылар көптеген қызықты және танымдық ақпарат алды.