Күрделі жөндеуіне қатысты

Тәжірибе бөлімінің осы оқу жылындағы алғашқы жағымды жаңалықтарымен бөлісеміз. Жазғы демалыс кезінде ТНГ 19-9-1 және ТОРО 20-9-1 топтарының төртінші және үшінші курс студенттеріміз “Павлодар мұнайхимия зауыты” ЖШС күрделі жөндеуіне қатысып, зауыт мамандарымен алдын ала әңгімелесуден өтті. Білім алушылар өндірістік жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға және бөлшектеуге қатысты, енді өндірісте күрделі жөндеу қалай өтіп жатқанын жақсы біледі. “МегаСтройПлюс” ЖШС және “Тотал-Сервис” ЖШС мамандары барлық білім алушылардың жұмысына оң баға беріп, жоғары теориялық дайындығы және жұмысқа деген көзқарасы үшін Харин Данил мен Жакупов Ильясты алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ кәсіпорындардың ресми хаттарында колледждің барлық педагогикалық ұжымына мұнай өңдеу өнеркәсібі үшін білікті кадрларды даярлауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Authorization
*
*
Password generation