Қыркүйек айында дәстүр бойынша колледж кітапханасында бірінші курс студенттеріне арналған «Кітапхана – табыс мекені» ашық есік күндері өтеді.
Акцияның мақсаты – білім алушыларды кітапханаға тұрақты баруға тарту, кітапхана кеңістігін бағдарлауға үйрету, кітапхананы пайдалану ережелерін үйрету, білім алушыларды жаңа технологиялар мен дәстүрлі жұмыс түрлері арқылы кітапханаға баруға қызықтыру.
Колледж кітапханасының қызметі оқушылардың оқу сапасын арттыруға, жоғары кәсіби бәсекеге қабілеттілікті қолдауға қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Жаңа студенттерімізге табыс, сәттілік және оқуға деген құштарлық тілейміз!