Тіл-бұл біздің елімізде мекендейтін халықтың достығы, түсіністігі мен қарым-қатынас құралы. Қазір ана тілін ғана емес,басқа да тілдерді білу керек-бұл уақыт талабы. 2016 жылы 19 қыркүйекте «ПМХЗ»ЖШС Қазастан халқының тілдері күні аясында, көптілділік негіздерін қалыптастыру, тілге құрметпен қарауға тәрбиелеу, тіл туралы мәліметтерді жүйелеу, кеңейту мақсатында мемлекеттік тілді білуге арналған «Тіл білгірі» байқауы өтті.
Қатысушылар қатарында Павлодар химия-механикалық колледжінің дуалды түрі бойынша оқитын МГӨТ-13-9-1 тобының студенті Александр Останин болды.Байқау қатысушыларына жеңу үшін , бұл өзге ұлт өкілдеріне әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды жеңуге тура келді.
Қазылар алқасының бір ауыздан қабылданған шешімі бойынша 3 жүлделі орын тағайындалды: 1 орын- технологиялық қондырғылар операторы Я.Сергеев, 2-орын-жүргізуші инженер-энергетик Е.Лангольфқа және инженер-конструктор Дмитрия Денисоваға, 3орын химиялық сараптама лаборанты Виктория Топко мен колледж студенті Останин Александр бөліп алды.
«ПМХЗ»ЖШС бас директоры Ш.А.Данбай байқау қатысушыларына дипломдар тарту етіп, осы шараның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне белсенді ат салысқандары үшін алғысын білдірді.