2023 жылдың 16 ақпан күні колледжде Павлодар облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының аға прокуроры А. А. Турсунбековтың студенттермен кездесуі өтті, оның барысында балаларға «Е-өтініштер», «тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (ТСОБТ), «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» (СТТБТ), «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» ақпараттық сервистері таныстырылды (ӘҚББТ). Бұл ретте ӘҚББТ мобильді қосымшасының жұмысы планшетте көрсетілді.
Сонымен қатар, «Qamqor.gov.kz» порталының жұмысы нақты уақыт режимінде көрсетіледі. Студенттерді әсіресе қылмыстық құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар карталары қызықтырды.