Басшы | Токмагамбетов Ермек Амангельдыевич |
Құрылған жылы | 2011 ж. |
Мекенжай | 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.,
Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, құрылыс 28/1 |
Байланыс | Анықтамалық: +7 (7182) 73-12-17 Электрондық мекенжай: info@caustic.kz |
Қызмет саласы | Химиялық өндіріс |
Өндірілетін өнімнің түрлері | Каустикалық сода, сұйық хлор, тұз қышқылы, техникалық натрий гипохлориті |
|
“Каустик “акционерлік қоғамы — жоғары қазақстандық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін заманауи Химиялық өндіріс. «Каустик» зауытының ашылуы 2011 жылдың қазан айында өтті, оның құрылысына салынған инвестиция көлемі 108 млн АҚШ долларын құрады. Жобалық қуаттылығы – жылына 30 мың тонна күйдіргіш сода, 6,6 мың тонна натрий гипохлориті, 26,4 мың тонна хлор және 45 мың тонна тұз қышқылы. “Каустик” АҚ тұрақты жұмысын жалғастыруда. Хлор-Павлодар зауытында шығарылатын сілтілі өнім негізінен Қазақстанның ішкі нарығында сатылады: каустикалық сода — тау-кен, металлургия, мұнай-газ, энергетика және химия салаларының кәсіпорындарына; 2011 жылдан бастап 154 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Тұз қышқылы —мұнай-газ, энергетика және химия салаларының кәсіпорындарына; 2011 жылдан бастап 183 мың тоннадан астам өндірілді. Сұйық хлор-жылумен жабдықтау және металлургия, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі кәсіпорындарына; 2011 жылдан бастап 119 мың тоннадан астам өндірілді. Натрий гипохлориті-жылумен жабдықтау, металлургия және химия салаларының кәсіпорындарына; 2011 жылдан бастап 20 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Айта кету керек, “Каустик” АҚ сұйық хлор мен тұз қышқылын Ресей Федерациясының нарығына экспорттайды. Мамандықтары: химиялық талдау зертханашылары, техник-механиктер, технологтар, слесарь-жөндеушілер, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарлары, механиктер, инженерлер және т. б. |