” Жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу”тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі
6 қазанда Павлодар химия-механикалық колледжінде 2013-2017 жж ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ” Жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу”тақырыбында оқушылармен ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді. Дәрісті АӘД оқытушысы Ж.К.Маненов өткізді.
Дәрістің мақсаты: Қазіргі заманның ғаламдық проблемасы –терроризммен танысу. Жастар арасында экстремизм мен терроризмді алдын алу және күрес әдістері.