2019 жылдың 24 қазан күні Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және ақпараттық технологиялар облыстық орталығы онлайн режимде білім беру мекемелерінің оқушыларына келесі тақырыптарға интерактивті сабақтар өткізді:
- «Абайла, көктайғақ!»
- «Химиялық қауіпті объектілерде апат болған жағдайдағы әрекеттер»
Осындай форматтағы сабақтардың артықшылықтарының бірі – бұл көпшілік аудиторияны бір уақытта жаппай қамту және колледжде өзекті ақпарат беру. Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері бейнероликтердің тақырыптарын талқылауға және көруге қызығушылық танытып, белсенді қатысты.