Жаңғыру – жазудан басталады

Павлодар химия-механикалық колледжінде 21 қыркүйек күні тілдер мерекесіне орай және тілдер декадасының аясында «Жаңғыру – жазудан басталады» атты латын әліпбиіне көшудегі мақсат, міндеттер жайлы сөз қозғалған дөңгелек үстел өтті. Шара қонақтары болып облысымыздың зиялы қауым өкілдері, тілші ғалымдар, ұстаздар, студенттер шақырылды. Атап өтетін болса, Тұрышев Айтмұхамбет Қасымханұлы филология ғылымдарының докторы, профессор, Амантай Тойшыбайұлы филология ғылымдарының кандидаты, Мәзһаб діни порталының бас редакторы, Хафиз Ғабит Жастар бастамасын дамыту орталығы, еріктілер бөлімінің жетекшісі шара қонақтары болды.

Шараның мақсаты латын әліпбиіне көшудегі қиындықтар мен жасалуы қажет жұмыстарды студент жастарға түсіндіру және насихаттау. Шара барысында ел болашағы латын әліпбиінде екендігі түсіндіріліп, осы жолда «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару» қажет екендігі түсіндірілді. Осы орайда студеттер де көкейлерінде жүрген сауалдарға тұшымды жауап ала алды. Шара соңында келген қонақтар қауымы, жастар, студенттер  болып жарқын ел болашағына негізделген ауқымды шараға өз тараптарынан жан-жақты қатысуға, жылдам әрі оңай өтуімізге тамшыдай болса да септігін тигізуге уағдаласты.

Authorization
*
*
Password generation