«Еліміздің басты мерекесі» кітап көрмесі.

Осы жылдан бастап 25 қазанда бүкіл ел ұлттық мереке – Республика күнін атап өтеді. Бұл тарихи және өте маңызды оқиға. Біздің еліміздің тәуелсіздігі осы күннен басталады. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды.
Осы айтулы күнге орай колледж кітапханасында «Еліміздің басты мерекесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда Қазақстан Республикасының тәуелсіз және демократиялық құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу тарихы туралы, ел егемендігі тарихының маңызды сәттері туралы баяндайтын және өткеніміздің жарқын жақтарын бейнелейтін әдебиеттер (монографиялар, оқу құралдары, мерзімді басылымдар) ұсынылды.
Authorization
*
*
Password generation