«СЕРПІН-2050» бағдарламасы оқушыларымен көші-қон полиция қызметкерлерімен түсіндіру әңгімелері

2016 жылы 11 қазанда Павлодар химия-механикалық колледжінде көші-қон полициясының басшысы Меруерт Сейтбековна Есенбаевамен кездесу өтті. Әңгіме барысында қызметкерлер еңбек ресурстарының теңелуі, Республикалық Оңтүстік облыстарының демографиялық көрсеткіштері және олардың Солтүстік облыстарына қоныс аударуы бойынша ішкі көші-қон мәселелерін түсіндірді.Кездесу қызықты және ақпаратқа толы болды.

“АИТВ және алдын алу шаралары”семинар

2016 жылы 10 қазанда «Денсаулық» ҚР денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Павлодар облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу орталығы біздің колледжің оқушылары мен оқушылары үшін АҚТҚ/ЖҚТБ-ны алдын-алу шаралары бойынша семинар өткізді. Семинарға БЗХТ-16-9-1, ӨЖТҚКЖ-16-9-2 топтары қатысты.

Орталық маманы Гульсум Байжановна Турдинова оқушыларды АҚТҚ/ЖҚТБ түсініктерімен таныстырды, АҚТҚ жұғу жолдары туралы айтып видеоролик көрсетті. Оқушылар сұрақтар қойып,нақты жауаптар алды.

«Игі іс!» акциясы

 

2016 жылы 7 қазанда БЗХТ-16-9 тобының кураторы З.М.Темешева өз  тобының оқушыларымен « Самал» Айықтыру Орталығында ерікті іс –әрекет шеңберінде акция ұйымдастырды. Қыздар бөлмеде дымқыл тазалау жасап, әйнектерді жуып,асханада көмектесті. Жұмыс соңында орталық қызметкерлері алғыстарын білдіріп олардың бастауларына табыс тіледі.

БЗХТ-16-9 тобының еріктілері  өздерінің достары мен оқушыларды оларға қослуға және жақсылық жасауға шақырады.

” Жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу”тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі

6 қазанда Павлодар химия-механикалық колледжінде 2013-2017 жж ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ” Жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу”тақырыбында оқушылармен ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді. Дәрісті АӘД оқытушысы Ж.К.Маненов өткізді.

Дәрістің мақсаты: Қазіргі заманның ғаламдық проблемасы –терроризммен танысу. Жастар арасында экстремизм мен терроризмді алдын алу және күрес әдістері.

«Филология еліне саяхат» брейн-рингі

22 қыркүйек күні 1 курс студенттері арасында орыс тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Л.Б.Карпаева Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Филология еліне саяхат» брейн-рингін өткізді. Брейн-ринг 5 бөлімнен тұрды,оқушылар лингвистикалық білімдерін,әдебит кейіпкерлерді, ескі сөздерді еске алып,актерлік шеберліктерін көрсетті.

Сондай-ақ әр клманда үй жұмысын дайындады. Қазылар алқасы қорытынды жасады.

1 орын – ӨЖТҚКЖ-16-9-1

2 орын – МГӨТ-16-9-1

3 орын – БЗХТ-16-9

Командалар дипломдармен марапатталды, оң эмоциялар алды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

 

Authorization
*
*
Password generation