«Жалынды сардар» байқауы

«Серпін-2050» жобасы бойынша оқитын студенттер арасында «Аламан» фестивалі шеңберінде 2016 жылы 2 қарашада Красноармейка аграрлы-техникалық колледжі негізінде «Жалынды сардар «номинациясы бойынша шара өткізілді. Байқауға ӨЖТҚКЖ-15-11 тобының оқушысы Нурислам Арман қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Ең мықты сардар»номинациясында II дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Жайдарман»КТК

2016 жылы 31 қазанда Ж.Мұса атындағы Аксу колледжі негізінде «Серпін-2050» жобасы бойынша оқитын студенттер арасында күзгі «Аламан» фестивалі шеңберінде «Жайдарман» номинациясы бойынша шара өткізілді, оған ӨЖТҚКЖ-16-11 тобының оқушылары қатысты.Алғыс хатымен марапатталды.

Үстел теннисі бойынша жарыс

2016ж.28.10. АОТДТО XVI облыстық спартакиада бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған 1 лига колледждері арасында үстел теннисі бойынша жарыс өткізілді. Онда біздің колледж жүлделі III – орынды иеленді.
Жарысқа қатысушыларды құттықтаймыз:
Асет Тулегенов – ӨЖТҚКЖ 14- 9 тобы;
Адиль Кожахметов –ӨЖТҚКЖ 14 – 9тобы.

Республикалық сардарлар семинары

2016 жылдың 24-27 қазаны аралығында Щучинск қаласы «Discovery – Бурабай» сауықтыру лагерінде «Мәнгілік ел жастары индустрияға!» – «Серпін-2050» жобасы бойынша оқушылар арасында Республикалық сардарлар семинары өтті. Павлодар химия-механикалық колледжінен ӨЖТҚКЖ 15-11 тобынан сардар Тастан Олжас және Абдихан Нурбол, ӨЖТҚКЖ16-11 тобынан активист Саметов қатысты.
Семинарға қатысушылар ” Жастар арасындағы кәсіпкерлік және жаңа жобаларды дамыту “, ” Жастар арасындағы көшбасшылық оңтайлы коммуникациялық қарым-қатынас” және т. б. тренингтерге қатысты. Семинар өте қызықты және танымды өтті. Келгеннен кейін қатысушылар семинар туралы өз әсерлерімен бөлісті.

Оқытушы болуды үйренеміз

27.10.2016ж. жас оқытушы мектебінің кезекті жиналысы өтті, колледждегі оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде өтетін сабақтың талаптар бойынша сұрақтары, оқу сабағының құрылым элементтері: әдістер, формалар, ОӘК өңдеу әдістемесі қаралған.
Кәсіптік қалыптастырудың сапасына сәйкес жас оқытушыларға көмек ретінде «Қазіргі заманғы сабақтың талаптары» жадынамалары таратылды.

Authorization
*
*
Password generation