«Өнерімді саған арнаймын, Тәуелсіз елім!» байқауы

Біздің Республикамыздың Тәуелсіздігінің 25- жылдығын тойлау шеңберінде білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында шығармашылық топтардың “Өнерімді саған арнаймын, Тәуелсіз елім!” байқауы өткізілді. Оған Павлодар химия-механикалық колледжінің оқытушылары А.М.Шижбанова мен Б.А Бекмагамбетова музыкалық нөмермен қатысып, дипломмен марапатталды.

«Ән – жырымның арқауы – Тәуелсіздік!» байқауы

2016 жылы 30 қараша Павлодар көлік және коммуникация колледжі негізінде колледж оқушылары арасында, қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ән – жырымның арқауы – Тәуелсіздік!» патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға МГӨТ-15-9-2 тобының 2 курс оқушысы Марина мажникова қатысты. Алғыс хатпен марапатталды.

Профилактикалық дәріс

2016 жылы 18 қараша Павлодар химия-механикалық колледжінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу» тақырыбында бірінші курс студенттеріне арналған дәріс өткізілді. Осы шараның мақсаты кәмілетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу,оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады; кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру.
Дәрісті директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.К.Каиргельдиновамен Павлодар қ. ІІБ эвеналды полициясының инспекторы, полиция капитаны Ж.В.Бажаев өткізді.

Әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша турнир

2016 жылы 18 қараша Павлодар бизнес колледжі негізінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына және алғашқы әскери дайындық оқытушысы Нұрлан Тлемісұлы Жансугуровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша турнир өткізілді,онда біздің колледж жалпы комиандалық III – орынды иеленді. «Арқан тарту» турнирінен -1 орын, «Пневматикалық винтовкадан атудан» 3 орынды иеленді.
Жарыстың қатысушыларын құттықтамыз:
Д. Корниенко– ӨЖТҚКЖ-16-9-2
А. Сонгибаев– ӨЖТҚКЖ -16-9-2
Д. Жаксылык– ӨЖТҚКЖ -16-9-2
А. Солтангазин– ӨЖТҚКЖ -16-9-1
Д. Сорокин– ӨЖТҚКЖ -16-9-1
А. Кичуткин– МГӨТ -16-9-2
С. Кулиш– МГӨТ -16-9-2
Р. Шугурова– МГӨТ-16-9-2

«Бірінші курс студенттері бастауларыңа табыс!»

2016 жылы 17 қараша Павлодар химия-механикалық колледжінде студенттер күні өткізіліп,біздің тату отбасымызға қабылданды. Мерекелік шара колледждің акт залында өткізілді. Оған қатысу балалар үшін нағыз студенттік өмірге жол ашу болды. Дәстүр бойынша ПХМК бірінші курс студенттері үшін студенттер қатарына қабылдау күні өткізіледі, Осы жолғы тақырып « Даңқ минуты» болды, одан бірінші курс студенттері ойдағыдай өтті. Бірінші курстың үлкен тобы шығармашылық, би, вокал және аспаптармен түрлі нөмірлер дайындады.
Біз, бірінші курс Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттік бауырластығына ене отырып, салтанатты түрде ант етеміз:
– Таңдаған мамандық бойынша білім мен дағдыларды меңгеруге, күш пен уақытты аямай оқуға
– ПХМК студенті атағын абыроймен көтеруге. Оның даңқты дәстүрлерін сақтауға, көбейтуге
– Басқа адамдардың идеологиясына, нанымына, әлеуметтік және этникалық шығу тегіне қарамастан олардың құқытары мен қадір қасиетін құрметтеуге.
– Колледж оқытушыларына және бір-біріне деген қарым қатынас бойынша шыдамды, ақылды болуға .
Құрметті бірінші курс студенттері! Сіздерге оқуда табыс,шығармашылық жеңістер мен барлық студенттік өмірдің қызықтарын тілейміз! Белсенді студенттік өмір мен оқуда табыс тілейміз!
Қуантатын бір жайт, өткен жылдан қарағанда биылғы жылы әлдеқайда көп бала ант берді. Барлық бірінші курс студенттері осы ерекше бастама таң қалды және олар Павлодар химия-механикалық колледжінің келіп түскендеріне өте риза болды.


Құрметті бірінші курс!Бүгін сіздер мақсаттарыңызға жету үшін алғашқы қадам жасап отырсыздар. Мектеп уақыты артта қалып, енді сіздерде күрделі, бірақ қызықты студенттік өмір басталады. Студенттік уақыт – ең қызықты және есте қаларлық. Қане тырысыңдар, көріңдер! Сіздер үшін осы жылдар табысты және бақытты болып,қалаған дипломдарыңыз сіздердің еңбектеріңіздің марапаты болсын! Сіздерден қандай маман шығатыны өздеріңізге байланысты.

Authorization
*
*
Password generation