Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутатымен кездесу

2017 жылы 2 ақпанда «Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК педагогикалық ұжыммен және колледж студенттерімен құрамында Алия Суиндиковна Сапарова – VI сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Қабылқақ Қабдыл-Манапович Капенов, Гульмира Габдулхамитовна Нурханова – облыстық маслихат депутаттары, Булат Аменович Аманжолов – қалалық маслихат депутаты, Наталья Владимировна Нефедова – Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, Саян Назымович Муканов, Ернур Нурланович Дауенов– Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасарлары енген делегация кездесуі өтті.
Кездесу диалог түрінде өтті. А.С. Сапарова Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2017 ж. 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы бойынша түсініктеме берді, ерекше назар Жолдаудың төртінші басымдығы – адам капиталының сапасын арттыруға бөлінді. Сондай-ақ облыстық маслихат депутаттары – Қ.Қ. Капенов пен Г.Г.Нурханова да сөз сөйледі.
Диалог колледж оқытушыларына біліктілік санаттары үшін ақы төлеу, сондай-ақ оқытудың дуалдық түрін жүзеге асыруға кәсіпорындарды ынталандыру сияқты проблемалық мәселелерді талқылау арқылы өтті.
«Серпін 2050» бағдарламасы бойынша оқитын студенттерді, оқуды аяқтаған соң тұрғын үймен қамтамасыз етілеміз бе деген сұрақ қызықтырды. Бұл сұраққа Н.В. Нефедова жауап берді. «Серпін-2050» бағдарламасының түлектеріне әлеументтік тұрғын үй ұсынылады. Кәсіпкерлер 10 үй салады, сол үйлерді мемлекет минималды сомаға сатып алады. Түлектер коммуналдық шаруашылық және пәтерді пайдалану үшін белгілі бір соманы төлеп, 5 жыл өмір сүруге құқылы болады. 8 үй Павлодар қаласында, 1 үй Аксу қ., 1 үй Екібастұз қ.
Кездесу «Нұр Отан» партиясының фракция отырысында кәсіпорындарды ынталандыру,анаты үшін қосымша ақы сияқты проблемалық мәселелерді қарастыру туралы ұсыныстармен аяқталды.

Заманауи инновациялық технологиялар

11 қаңтардан 13 қаңтарға дейін Павлодар химия-механикалық колледжінде ПМПИ Біліктілікті арттыру және технологиялар трансфері аймақтық орталығы ұйымдастырған қысқа мерзімді оқыту курстары өтті.
Орталық сарапшысы Раушан Марденовна Каримова пәндік құзыреттіліктерді қалыптастырудағы заманауи инновациялық технологиялармен, оқытудың құзіреттілік тәсілі кезінде жоспарланған нәтижелер жетістігін бағалау жүйесімен, заманауи кезеңде сабақ жоспарлауды үйретті.
Оқытушылар сабақ жобаларын құру бойынша топта жұмыс жасады, өз сабақтарында қолданылатын жаңа технологиялар , әр түрлі әдістемелер мен техникалар туралы айтты.

“Жасұлан” әскери-қолданбалы ойыны

2 желтоқсанда «Жасұлан» атауымен аталған әскери-қолданбалы ойындар бойынша жарыс өткізілді,оған бірінші курс студенттері қатысты. Ойын нәтижесі бойынша I орынды ӨЖТҚКЖ-16-9-1 тобы иеленді,
II орынды ӨЖТҚКЖ-16-9-2,
III орынды МГӨТ-16-9-1.
Ойын бір тыныста өтті, әр минут сайын ойын қыза түсті, өйткені командалардың дайындық деңгейі жоғары болды. Ойынға 4 команда қатысты. Балаларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Сабақтың үштұғырлы мақсаты және оның соңғы нәтижесі

Келе жатқан жаңа 2017 жылы қарсаңында жас және жаңадан келген оқытушылар кезекті сабақта кездесті. Бұл жолы олармен оқытушылар Б.А. Каримова және О.Н. Петрученко тәжірибемен алмасты. Олар жас әріптестерін сабақтың үш тұғырлы мақсатын қалай анықтау керектігін,әр түрлі деңгейлі,дифференциалды тапсырмалар дайындаумен таныстырды.
Колледж психологі В.А.Клементьева сабақта және сабақтан тыс уақытта өзара қарым-қатынас үрдісінде жас психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажеттігі туралы баяндады. Оқытушылар ұсынылған бірқатар педагогмкалық жағдайларды талқылады,өз пікірлерін айтты, дәлелдеді, бірігінп олардың шешімін тапты.

«Біздің күшіміз бірлікте»

2016 жылы 9 желтоқсанда сынып жетекшілер Г.К.Пирмановамен М.Сырнай «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқитын ӨЖТҚКЖ-15-11, ӨЖТҚКЖ -16-11 топтарының оқушыларымен ашық сабақтан тыс шара өткізді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сынып сағатының мақсаты келесі: азаматтық патриотизмге тәрбиелеу, Отанды құрметтеуге,көп ұлтты Қазақстан халқының өткені мен бүгініне;Қазақстан Республикасы ұлыстарының салт-дәстүріне құрметтеуге және төзімділікке тәрбиелеу.Ашық сабақ Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы бейнефильм көрумен, презентацияларды пайдалана отырып ойын элементтерімен саяхат сабақ түрінде өткізілді.
Сынып сағататын қорытындылау кезінде Г.К.Пирманова викторина өткізді және біздің Республика туралы білімдерін толықтырды.

Authorization
*
*
Password generation