2018 жылдың 7 қазанында «Ertys half марафоны» қалалық сауықтыру жартылай марафоны өтті. Марафонға Омбы мен Астана қаласының қонақтары, және Павлодар қаласының тұрғындары қатысты. Павлодар химико-механикалық колледжі атынан ТНГ-17-9 тобының студенті Бальгожинов Султан жүгіріс жарысына қатысты.
Шағын-футбол ашық турнирі
2018 жылғы 22 қыркүйекте Павлодар химико-механикалық колледжінің кубогі үшін шағын-футболдан ашық турнир өтті. Аталмыш турнирге 5 команда қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша ТНГ 18-9-1 тобы жеңімпаз атанды, ПХМК 4 курсының құрама командасы күмісті иеленді, ал турнирдің қонақтары UVR командасы қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, турнирдің үздік ойыншылары анықталды: үздік ойыншы Кайырбек Алмаз (ТНГ 18-9-1), үздік бомбардир Сембаев Мухаммед (ТНГ 18-9-1), үздік қорғаушы Камалов Султан (ПХМК 4 курсының құрама командасы) және үздік шабуылшы Латов Александр (ПХМК 4 курсының құрама командасы).
«Салауатты сандарға жет» ұранымен өткен «Денсаулық фестивалі – 2018»
2018 жылғы 8 қыркүйек күні «Қалалық саябақ» Орталық мәдениет және демалыс паркінде Денсаулық күніне арналған спорттық іс-шара өтті. Павлодар химико-механикалық колледжі аталмыш шараның қатысушыларының бірі болды. Біздің колледж футбол, баскетбол және уақытқа өткізілген спорттық жарыстарға қатысты. Колледжіміздің студенттері ұйымдастырылған барлық спорттық жарыстарда белсенділік таныта білді. Павлодар химико-механикалық колледжі командасының құрамына 30 студент кіріп, оның 10 студенті футболдан өткен турнирдің, 10 студент баскетбол жарысының, ал қалғандары түрлі спорттық сайыстардың қатысушылары болды.
Egov.kz
С 3 сентября 2018 года был открыт уголок самообслуживания на получение электронных государственных услуг. Уголок самообслуживания размещен на 2 этаже в библиотеке колледжа. Инструкция по использованию портала Egov.kz. размещен на компьютере.
«Айбын»
2018 жылғы шілденің 16-нан 21-не дейін Қарағанды облысының Спасск ауылында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Бұл іс-шараның мақсаты жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру және ҚР әскери күшінің имиджін арттыру болды. Бұл жиынға әскери-патриоттық клубтардың, әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері және студенттер қатысты. Павлодар химико-механикалық колледжінің студенттері белсенділік танытты, Ефремов Герман және Бакыев Рыспек жеңімпаз атанып, медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.