«Кәсіпкерлік қызмет негіздері»

2019 жылдың 14 қарашасында Павлодар химия-механикалық колледжінің конференц залында студенттерге «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнін оқыту жобасының аясында Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылған дәріс өткізілді. Дәріс қонақтары Павлодар облысы прокуратурасының қызметкері Кундызбаев Жанат Маратович және «Темирмаш» ЖШС өкілі Фоменко Андрей Сергеевич.

Іс-шараға ӨЖТҚКЖ 17-9 және БЗТ 17-9 тобының оқушылары қатысты. Негізгі мақсат – жастарда экономикалық ойлау мен кәсіпкерлік қызмет дағдыларын қалыпастыру, сондай-ақ бизнес өкілдерінің тәжірибесін зерделеу.

Кездесу өткізу барысында кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің бастығы Абылгазина Ажар Арыстановна «Атамекен» ҰКП-ның қызметі туралы, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Фоменко А.С. өзінің тәжірибесімен бөлісіп, студенттерді жатпай-тұрмай еңбек етуге, нақты мақсаттар қойып, оларға жету үшін барлығын жасауға шақырды. Кундызбаев Ж.М. өз ісін ұйымдастырудың құқықтық мәселелеріне тоқталды және заңды бұзған үшін жауапкершілікке тартылу жөніндегі сұрақтарға назар аударды. Тыңдаушылар көптеген қызықты және танымдық ақпарат алды.

“Саған бидай масағын сыйлаймын”

2019 жылы қарашаның 14 Павлодар тарихи-өлкетану мұражай қызметкерлері тың игерудің 65 жылдығына арналған “Саған бидай масағын сыйлаймын” атты іс – шарасын өткізді.

Іс-шараға Павлодар қаласының құрметті тұрғыны, тарихшы-өлкетанушы Соколкин Эрнст Дмитриевич қатысып, студенттерге біздің облысқа бүкіл Кеңес Одағынан келген алғашқы тың игерушілер туралы, тың және тыңайған жерлері,  Павлодар облысы  Қазақстанның ғана емес, Кеңес Одағының ірі астық шаруашылығы орталығына айналғаны туралы  айтты.

Мекенжай анықтамасы талап етілмейді

Талдау және дамыту орталығының өкілдерімен кездесу өтті

12 қараша күні Павлодар химия-механикалық колледжінің конференц залында 1-ші курс студенттерінің конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандары соңғы жылдары жастардың экстремистік және террористік әрекеттерге қатысу мәселесі өзекті бола бастағанын атап өтті. Семинарға қатысушыларға сенім телефонының жұмысы туралы айтылып, әдістемелік әдебиеттер таратылып, тақырыптық фильмдер көрсетілді.

Первый день Республиканского конкурса WSK!

Вот и завершился первый день Республиканского конкурса WSK. Отработаны два модуля – кондуктометрия и потенциометрия. Причем задание второго модуля было на английском языке.
Желаем удачи Артему и команде области!!!

Authorization
*
*
Password generation