«Салауатты өмір салтын насихаттау»

2019 жылдың 26 қарашасында «Павлодар техникалық сервис колледжінің» базасында Павлодар облысы колледждерінің студенттері арасында «Салауатты өмір салтын насихаттау» жобасының аясында «Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау» атты облыстық конференция өтті.

«Павлодар химия-механикалық колледжінің» 0808000 «Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша ӨЖТҚКЖ 19-9-2 тобының 1 курс студенті Сугуров Нұрдаулет «Қазіргі жастардың ата-ана болуға дайындық тенденциясы» бағыты бойынша «Қазіргі жастардың ерте неке құруға көзқарасы» тақырыбындағы баяндама жасады, ол қазылар алқасы қойған барлық сұрақтарға жауап беріп, екінші орын алды.

Оқытушылар Н.Н. Пфунттың және Г.Н. Смаилованың жетекшілігімен Нұрдаулет 1 курс студенттерінің арасында өзінің тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын өткізді.

Нұрдаулетке зерттеушілік бастамаларында сәттілік тілейміз!!!

Құттықтаймыз!

2019 жылдың 22 қарашасында Қарағанды қаласында спорттық акробатика бойынша Қазақстан Кубогына жарыс өтті, оған еліміздің ең мықты спортшылары қатысты. ӨЖТҚКЖ 19-9-2 тобының 1 курс студенті Анисимов Русланды республикалық жарыстарда 2-ші орын алғанымен құттықтаймыз және жаңа тұғырларды бағындырып, алға ұмтылуды тілейміз!

«Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі»

Жалпыадамзаттық құндылықтар білім беру жүйесіндегі басты бағдар болып табылады, бұл өзгермейтін нәрсе – махаббат, дұрыс әрекет және әділдік, өмірдің барлық көріністеріне құрметпен, рақымдылықпен және шыдамдылықпен қарау.

«Сүйіспеншілік – адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» коучингі аясында МГҚТ 19-9-1 тобының студенттері шығармашылық нөмірлерін көрсетті: «Сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылықтарын талқылаған кезде Останин Артем                       Р. Рождественскийдің «Все начинается с любви» өлеңін оқып берді, ал «Бейзорлық» құндылығын талқылағанда Әнуарбек Наурызбай «Мейірімді болайық» композициясын гитарада орындап берді.

Ашық сынып сағаттары

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – Елбасы»

«Рухани Жағыры» бағдарламасы аясында 2019 жылдың 22 қарашасында Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері оқытушылар А.Т. Естаев және А.К. Ахмедьяновамен бірге республикамыздың астанасы Нұр-Сұлтанға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін» мерекелеуге арналған экскурсияға аттанды. Біз «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – Елбасы» -да болдық. Мұнда бірегей мұрағаттық құжаттар мен ғылыми еңбектер, сыйлықтар мен кітаптар жиынтығы, марапаттар және қазіргі Қазақстанның тарихымен тікелей байланысты және мемлекет пен қоғамның тарихын ашатын, елдің тұңғыш президентінің қызметін сипаттайтын басқа да заттар ұсынылған. Мұражай қабырғасында сақталғанның бәрі өзгеріссіз сақталған. Студенттер көптеген қызықты мәліметтер мен жағымды эмоциялар алды.

Authorization
*
*
Password generation