2019 жылдың 3-ші желтоқсан күні «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС мәжіліс залында жас мамандарды мұнай өңдеушілер қатарына қосу рәсімі өтті. Олардың ішінде біздің колледждіңдуальды оқыту нысаны бойынша оқыған 22 түлегі бар. Бұл зауыт пен колледждің бірлесіп, өндіріс жағдайларына қайта оқытуды және бейімдеуді қажет етпейтін мамандарды «өз тапсырысы» бойынша даярлауының көрнекі мысалы, олар бірден жұмысқа кірісті.
“Елбасы көсбасшылығының сабақтары”
2019 жылдың 29 қарашасында Павлодар химия-механикалық колледжінің конференц залында ТНГ-18-9-1 және ТНГ-18-9-2 топтарында “Елбасы көсбасшылығының сабақтары” тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Сынып сағаты дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды. Ашық сабақтың қонағы С. Торайғыров атындағы ПМУ Агротехнология кафедрасының профессоры Мустафаев Болатжан Абдыканович болды.
Сынып сағатының мақсаты: еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін анықтау, балаларға мемлекет басшысына деген терең құрмет сезімін тәрбиелеу.
Колледж жатақханасында студенттердің арасында мерекелік іс-шаралар өткізілді
1 желтоқсан күні республикамыздың түпкір-түпкірінде еліміздің Тұңғыш Президенті күні аталып өтуде. Осыған орай, аталмыш мерекенің шеңберінде мақсатында Павлодар химия-механикалық колледжінің әкімшілігімен және ұстаздарымен колледж жатақханасында студенттердің арасында мерекелік іс-шаралар өткізілді. Студенттердің назарына Елбасымыздың өмірбаянын, еңбек жолын баяндайтын «Назарбаев-live» атты деректі фильм ұсынылды, одан кейін «Дәуірдің дара тұлғасы» тәрбие сағаты өтті. Студенттер тәрбие сағатына белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере білді. Мереке шеңберінде шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі ойындары, гирь көтеру бойынша жарыс ұйымдастырылды. Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара мерекелік дастарханмен тәмамдалды.
Бизнес жобаларды қорғау!
“Кәсіпкерлік қызмет негіздері” пәні бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы аясында 28 қарашада Павлодар химия-механикалық колледжінің конференц-залында бизнес-жобаларды қорғаудың кезекті кезеңі өтті.
Студенттер сараптама комиссиясы алдында өздерінің бизнес-жобаларын қорғады. Сараптама комиссиясы құрамына ҚР “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілі Дидар Қыпшақбаев кірді
“Қағаз пакеттер өндірісі”, “Жарнама агенттігін ұйымдастыру”, “Кілемдерді химиялық тазалау”тақырыптары бойынша табысты жұмыстар атап өтілді.
Оқу кезінде студенттер бизнес-жобаларды дайындауда, инвестициялық қаражатты тартуда білім мен тәжірибелік дағдыларды алды, кәсіпкерлік саласындағы маркетинг пен салық салудың ерекшеліктері туралы білді, өз жұмыстарын таныстыру тәжірибесін алды.
The limits of my language are the limits of my world.
Менің тілімнің шекарасы – менің әлемімнің шекарасы.
(Людвиг Витгенштейн)
Ағылшын тілін білу – әртүрлі мамандықтардың болашақ иелері үшін міндетті шарт болып табылады. Қазіргі уақытта елдер арасындағы шекаралар жойылған кезде тілдерді білу басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасау үшін шексіз мүмкіндіктер ашады. Тілдерді үйрене отырып, өз-өзіңді, өзіңнің ана тіліңді, өзіңнің мәдениетіңді, өз халқың мен бүкіл әлемді жақсырақ түсінуге болады.
Студенттердің тілтанымдық құзыреттерін, қарым-қатынас жасау қабілеттерін, ғылыми қызметке деген қызығушылығын дамыту мақсатында 2019-2020 оқу жылында халықаралық олимпиадалар циклінде «Мен – тіл маманымын» тақырыбында шетел тілдерінің халықаралық сайысы өтті. Павлодар химия-механикалық колледжінің 1 курс студентттері де ағылшын тілі оқытушысы Байльдинова Айнур Ергалиевнаның жетекшілігімен сайыс қатысушылары атанып, Останин Артём (МГҚТ 19-9-1 тобы), Базарбаева Асылана (БЗТ 19-9 тобы) 3-ші дәрежелі Диплом, ал қалған қатысушылар – сертификаттар алды.
Барлық қатысушыларға шетел тілін үйрену пайдалы болсын, көп қуаныш пен жаңа әсерлер әкелсін деп тілейміз!