28 декабря!

«Volunteer.pvl»

2019 жылдың 5 желтоқсанында «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»  КММ-сінде халықаралық еріктілер күніне орай «Volunteer.pvl»  іс-шарасы өткізілді, оның негізгі мақсаты – еріктілік қызметті дамыту және Павлодар облысының еріктілері ұйымдарын танымал ету. Біздің колледждің еріктілері

«Jastar Jyly» аясында еріктілер қозғалысының дамуына белсене қатысып, елеулі үлес қосқан үшін» Алғыс хатпен марапатталды.

 

Республикалық слеті!

«2019-Жастар жылын» тойлау аясында 2019 жылдың 26-29 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында Жастар ісі жөніндегі комитетінің І-ші Республикалық слеті және «Қазақстан студенттері альянсының» XVI Республикалық слеті өтті. Іс-шараға Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері: Ефремов Герман мен Листратов Данила, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Нурмагамбетова А.К. қатысты. Білім беру алаңының қатысушылары студент жастардың өзекті тақырыптарын талқылап, жастардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Қатысушыларға естелік сертификаттары берілді, ал ең бастысы – бұл керемет жағымды эмоциялар мен әсер алу, жаңа таныстар мен достар табу, сондай-ақ Жастар ісі жөніндегі комитет қызметінің жаңа бағыттары мен студенттік жобаларға қатысуға ынта мен қызығушылық пайда болды.

Слеттың мазмұнды бағдарламасына Спартакиада өткізу енгізілді, ол Бурабай жазғы лагерінде өтті. Павлодар облысының шағын-футболдан құрама командасы (команда капитаны Ефремов Герман) 100 000 теңгелік ақшалай сертификатпен 1-ші орынға ие болды

Жас мамандарды мұнай өңдеушілер қатарына қосу рәсімі өтті!

2019 жылдың 3-ші желтоқсан күні «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС мәжіліс залында жас мамандарды мұнай өңдеушілер қатарына қосу рәсімі өтті. Олардың ішінде біздің колледждіңдуальды оқыту нысаны бойынша оқыған 22 түлегі бар. Бұл зауыт пен колледждің бірлесіп, өндіріс жағдайларына қайта оқытуды және бейімдеуді қажет етпейтін мамандарды «өз тапсырысы» бойынша даярлауының көрнекі мысалы, олар бірден жұмысқа кірісті.  

“Елбасы көсбасшылығының сабақтары”

2019 жылдың 29 қарашасында Павлодар химия-механикалық колледжінің конференц залында ТНГ-18-9-1 және ТНГ-18-9-2 топтарында “Елбасы көсбасшылығының сабақтары” тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Сынып сағаты дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды. Ашық сабақтың қонағы С. Торайғыров атындағы ПМУ Агротехнология кафедрасының профессоры Мустафаев Болатжан Абдыканович болды.
Сынып сағатының мақсаты: еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлін анықтау, балаларға мемлекет басшысына деген терең құрмет сезімін тәрбиелеу.

Authorization
*
*
Password generation