“Егемен Қазақстан”

Мемлекет басшысының “Егемен Қазақстан” газетіне берген сүбелі сұхбатында сауалы көп, жауабы жоқ сан түрлі мәселенің қою нүктесі қойылды.
Президент саяси өмірдегі салмақты оқиғаларға кеңінен тоқталып, қалыптасқан жағдайды, қазіргі мән-жайды бүкпесіз, ашық айтты.
Биыл ел көлемінде аталып өтетін негізгі даталар – академик Қаныш Сәтбаевтың 125-жылдығы, Халық қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100-жылдығына тоқталып, ұлттық идеологияны ұлықтау бағытындағы өзге де басты мәдени шараларды тілге тиек етті.
Сұхбат сілтемесі төменде.

Павлодар химия-механикалық колледжі ұжымының 2023 жылғы жұмыс нәтижесі

2023 жылдың қортындысы

«Мен кітап ашамын. Мен әлемді білемін!»

21 қарашада С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада бірінші курс студенттері үшін (АУП 23-9, ТНГ 23-9-2) «Мен кітап ашамын. Мен әлемді білемін!» әдеби іс жүргізілді.
Кітапханаға экскурсия, оқу, көркем, ғылыми және танымдық әдебиеттердің жаңалықтарына шолу, электрондық каталогтағы және оқу-білім беру электрондық ресурстарындағы ақпараттың іздеу мүмкіндіктері бойынша кеңес беру – осының барлығы біздің студенттерге өздерінің зияткерлік қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға бағытталған ақпараттық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында балалар кітапхана қызметкерлеріне көбірек оқуға және кітап сүюді үйренуге шақыратын ерекше атмосфера үшін алғыстарын білдірді.

Колледжде жалпы колледждегі ата-аналар

2023 жылдың 18 қарашасында колледже жалпы колледждегі ата-аналар жиналысы өтті.
“Жастарды әлеуметтік желілер арқылы діни секталарға тарту” және “суицидтік мінез-құлықтың алдын алу” мәселелері қаралды.
Үлгерім мәселелері, топтарды межелік аттестаттау нәтижелері талқыланды.
Колледж психологы ХТП 23-9 тобының ата-аналарымен тренинг өткізді.
Жиналыс барысында тілек білдірушілер колледж әкімшілігіне, оқу топтарының кураторларына, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қызмет мамандарына қызықтырған сұрақтарын қойып, оқуды әрдайым табысты ету үшін толық ақпарат алды.
Authorization
*
*
Password generation