«Көп тілді білу-заман талабы»

14-24 қыркүйек аралығында «Павлодар химия -механикалық колледжі» КМҚК «Қазақстан халқының Тілдері күніне» арналған онкүндік өтеді. Онкүндіктің ашылуы «Көп тілді білу-заман талабы» деп аталатын ауызша журналды өткізу арқылы өтті Мақсаты: оқушылардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру; үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) қарым -қатынас дағдыларын жетілдіру, оқушылардың сөйлеу әрекетін табиғи нормаларға жақындату; эстетикалық талғамын, толеранттылығын, мемлекеттік тілді, өз ана және оқылатын тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу.

«Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұрасы»

Бүгін колледжде «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұрасы» тақырыбында Адалдық сағаты өтті. Бейнероликті қарау ұйымдастырылды.

«Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!»

2021 жылғы 3 қыркүйекте «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы іске
асыру аясында «Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК-де жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған диктант «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» тақырыбында өтті.
Диктант жазудың негізгі мақсаты – этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Колледжде диктантты қазақ тілі пәнінің оқытушылары Якубова Н.А. және Смаилова Л.К ұйымдастырды. Бұл іс-шараға 1 және 2 курс оқушылары қатысты.
Бұндай акция басқа ұлт өкілдері оқушылары арасында сауаттылық деңгейін анықтап, мемлекеттік тілде жазу, сөйлеу дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған

Бірінші курс білім алушылары үшін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған
дәстүрлі форматтағы салтанатты жиындар өтті. Директор – Гульнар Кабиденовна
Аманжолова барлығын колледж қабырғасында жаңа оқу жылының басталуымен
құттықтады. Білім мен шыдамдылық тілей отырып, барлық педагогикалық ұжым әрбір
студентке кәсіби білім алу мен оны алу жолында көмек пен қолдау көрсетуге дайын
екенін атап өтті.
1 қыркүйек – Білім күні 2,3,4 курс білім алушылары үшін патриотизмге тәрбиелеуге,
белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Тәуелсіздігінің 30
жылдығына арналған «Тәуелсіздікке қол жеткізу» атты онлайн режимінде кураторлық
сағаттар өткізілді.
Білім алушылар ҚР Президенті Қасым –Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына
Жолдауымен танысты, бұл біздің мемлекетіміздің дамуының маңызды кезеңі және
стратегиялық маңызды құжат болды. Жолдауда проблемалық аймақтарды және елдің одан
әрі үдемелі қозғалысының стратегиялық бағыттарын қамтудың ауқымдылығы мен
кешенділігімен ұштасатын айқын құрылым мен нақтылық атап өтіледі.

«StopCovid»

Павлодар химия-механикалық колледжінің еріктілері коронавирустық инфекцияның алдын алушаралары мен вакцинациялау қажеттілігі туралы ақпаратт андыруға бағытталған «StopCovid» науқанын өткізді. Буклеттер дайындап, таратты.

Authorization
*
*
Password generation