«Адалдық сағаты»

2021 жылдың 11-12 қараша аралығында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен, Павлодар облысының білім беру мекемелерінде және еңбек ұжымдарында «Адалдықты үндеген – Жүсіпбек Аймауытов» тақырыбында кезекті «Адалдық сағаты» ұйымдастырылады.

«Ашық диалог»

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

Сілтеме https://m.egov.kz/survey

«Біз біргеміз»

2021 жылдың 3 қарашасында колледжде студенттерді бейімдеуге және топ мүшелері арасында өзара сенімді қалыптастыруға бағытталған «Біз біргеміз» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренингке 07140100 — «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)» және 07150600 «Слесарлық іс» мамандықтарының бірінші курс студенттері қатысты. Тренингті «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесінің психологы Роза Кулышева жүргізді. Студенттер өздерін толғандырған мәселелерді талқылауға, пайдалы практикалық кеңестер алуға мүмкіндік алды.

“Ертіс”

Бірінші курс студенттері “Ертіс” мультимедиялық кешеніне барып, Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарына сәйкес экспозициямен танысты. Тарих пәнінің оқытушысы А.З. Жомартова қазіргі Павлодар облысының аумағында 9-10 вв орналасқан Қимақ қағанаты, сақ қорғандары туралы айтып берді. Оқушылар интерактивті ақпараттық құралдармен (экрандар, планшеттер,эл. кітап және т.б.) жабдықталған мұражай экспозицияларымен қызығушылықпен танысты.

«Ашық диалог»

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

Authorization
*
*
Password generation