Хабарландыру!

«Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК Қамқоршылық кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының (одан әрі – Қағидалар) 5-тармағын орындау мақсатында арнайы, мамандандырылған білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қамқоршылық кеңестің құрамы қамқоршылық кеңес өкілдігіне үміткердің жазылған келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады.

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес, қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері; коммерциялық емес ұйым өкілдері (бар болса); ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі; қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, қамқоршылық кеңес құрамына кіру үшін төменде берілген байланыс мәліметтері бойынша жүгіну қажет: 8 (718) 2 55 58 80, 8 (705) 481 30 26

Қабылдау мерзімі ағымдағы жылғы 2-15 ақпан.

Біздің колледждің үздік студенттері – еліміздің болашағының негізі

Бүгін, 22 желтоқсанда М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыс әкімі А.Б. Сқақовтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Біздің студенттер: Анисимов Руслан – спорттық акробатикадан спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық турнирлер мен жарыстардың жүлдегері, 2021 жылғы спорттық акробатикадан Әлем чемпионатының қатысушысы «Спорттық шеберлік» номинациясы бойынша марапатталды. Вихляев Александр – «Ғылым және білім» саласындағы «Мен кәсіпкермін» республикалық конкурсының жеңімпазы». «Shell Қазақстан» қаржылық қолдауымен және серіктестікте «KAZENERGY» Қауымдастығы ұйымдастырған «Student Energy Challenge – Junior» республикалық байқауының жүлдегері «Кәсіби шеберлік» номинациясы бойынша марапатталды.

Біздің студенттерді кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа биіктерді бағындыруға, табыс және барлық жоспарларынды іске асыруға тілектеспіз! Сендер біздің мақтанышымыз!!!

«ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының қорытындысы

«ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық байқауы аяқталды. Жоба Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 100 үздік студенттерін тануға бағытталған.

Онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР колледждерінің 100 үздік студенті анықталды, олардың ішінде біздің колледж студенті Руслан Анисимов байқау жеңімпаздарының қатарына кірді.  Бұл үлкен жетістік! Республикалық кезеңге еліміздің барлық өңірлерінен 200-ге жуық студент іріктелді. «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» атағына дарынды балалар, халықаралық және республикалық жобалардың, Worldskills чемпионаттарының, олимпиадалардың, байқаулардың, жарыстардың көшбасшылары мен белсенді қатысушылары қатысты. Өзінің табандылығымен, мақсаттылығымен, өз ісінде ең жақсы болуға деген үлкен ықыласымен Руслан жеңіске жетті.

Руслан Анисимовты кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа биіктерді бағындыруға, табыс және барлық жоспарларынды іске асыруға тілектеспіз!

“Менің тұңғыш Президентім!”

Тұңғыш Президент күніне орай колледж кітапханасында “Менің тұңғыш Президентім!”фотокөрмесі безендірілді. Фотокөрмеде Н.Назарбаевтың Павлодар облысының өнеркәсіптік нысандарын аралауының, жастармен және ардагерлермен кездесуінің фотосуреттері ұсынылған. Колледж оқушыларына тарих пәнінің оқытушысы Жомартова А.З.көрме бойынша экскурсия өткізді.

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары. Павлодар Ертіс өңірі» кітап-иллюстрациялық көрмесі.

18 қарашада 1 курс студенттері Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өткен «Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары. Павлодар Ертіс өңірі» кітап-иллюстрациялық көрмесінің ашылуына барды.

Көрме Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналды. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы тарих жылнамасы болып табылатын кітаптардан көрініс тапты.

Балалар тәуелсіздік жылдары Павлодар облысында жарық көрген кітаптармен танысып, «Әлем таныған тұлға», «Тарих», «Экономика және саясат», «Әдебиет және өнер» бөлімдерімен танысты.

Көрменің ашылуында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты ҚБ Павлодар облыстық филиалының басшысы С.О. Жүсіпова, «Баспасөз үйі» ЖШС бас директоры                    Е.А. Писаревская алғы сөз сөйледі.

Authorization
*
*
Password generation