BabySkills Pavlodar 2025


Бүгін, 4 сәуір күні, Павлодар химия-механикалық колледжінің алаңында BabySkills Pavlodar 2025 атты жарқын әрі шын мәнінде сиқырлы чемпионат өтті. Бұл чемпионат WorldSkills әлемдік қозғалысы аясында өткізіліп, жұмысшы мамандықтарын дамытуға бағытталған.
Байқаудың мақсаттары:
• балалардың шығармашылық және практикалық дағдыларын дамыту;
• ата-аналарды балалардың кәсіби бағдарлау процесіне тарту;
• аймақтағы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және насихаттау;
• балабақшалар мен әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Біздің басты кейіпкерлеріміз — Павлодар қаласындағы балабақшалардың ең кішкентай тәрбиеленушілері, 4–5 жас аралығындағы балалар болды. Олар бұл шараға ата-аналарымен және тәрбиешілерімен бірге келді.
Компетенция: Зертханалық химиялық талдау.
Атауы күрделі естілгенімен, бүлдіршіндер шын мәнінде қызығушылықпен тәжірибелер жасады:
Қауіпті қызыл лава
Түрлі-түсті слайм
Химиялық қардан жасалған құлпынай торты
Чемпионатқа келесі балабақшалар қатысты:
«Павлодар қаласының №32 сәбилер бақшасы» КМҚК – Қабыкен Рахим
«Павлодар қаласының №102 ясли-бақшасы» КМҚК – Пфунт Софья
№42 мектепке дейінгі гимназия – Муканова Камила
«№9 балабақша» КМҚК – Абжамалов Әлиби
«Павлодар қаласының №40 бала-бақшасы» КМҚК – Адрышева Сайёра
«Павлодар қаласының №31 бала-бақшасы» – Саленко Радмила
Барлық қатысушылар дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды!
Бірақ ең бастысы — балалардың көзіндегі қуаныш, жаңа жаңалықтар және мамандықтар әлеміне алғашқы қадамдар болды.
Ғылымға, күлкі мен мейірімге толы керемет күн үшін ұстаздарға, ата-аналарға және колледж ұжымына шын жүректен алғыс білдіреміз!

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

2025 жылғы 9 сәуірде сағат 11:10-да технологиялық пәндер апталығының ашылуы өтеді!

Сіздерді колледждің галереясында күтеміз!

Сіздерді қызықты байқаулар, жүлделер мен сыйлықтар күтуде!

Өткізіп алмаңыздар!

«Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялар: стратегиясы, міндеттері, енгізуі»

12 наурызда колледжде «Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялар: стратегиясы, міндеттері, енгізуі» тақырыбында педагогикалық оқулар сәтті өтті.

Іс-шара аясында оқытушылар білім беру процесінде инновациялық тәсілдер мен әдістемелерді қолдану тәжірибесімен алмасты, цифрлық құралдар мен оқытудың интерактивті нысандарын енгізудің өзекті мәселелерін талқылады. Оқытудың тиімділігін арттыру және студенттерді ынталандыру үшін заманауи педагогикалық технологияларды практикалық қолдануға ерекше назар аударылды.

Педагогикалық оқуларға Ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушылары қатысты.

Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын – арнайы пәндер оқытушысы Ж.А. Абжамалова;

2 орын – арнайы пәндер оқытушылары З.У. Каримова, М. Хурманхан;

3 орын – арнайы пәндер оқытушысы М.К. Дәулетбекова, биология оқытушысы Н.Н. Пфунт және «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК орыс тілі және әдебиеті оқытушылары А.М. Ахмедьянова, Л.Б. Карпаева.

Барлық педагогтар сертификат алды. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!

Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа ережелері

11 наурызда колледжде педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа ережелері түсіндірілді.

Талқылау барысында педагогтер аттестаттаудың нормативтік-құқықтық аспектілерін, педагогтердің кәсіби қызметін бағалау критерийлерін, портфолионы ресімдеуге қойылатын талаптарды қарастырды. Аттестаттауды өткізу кестесімен танысты.

Педагогтер аттестаттаудың, орталықтандырылған деректер базасын құрудың автоматтандырылған процесін оң бағалады, онда қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау үшін педагогтың құжаттары мен материалдары ұсынылған.

«Ұстаз» педагогінің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы педагогтерге жүйелі негізде кәсіби өсу мен дамуға мүмкіндік береді.

Волейболдан II лига колледждері арасында

3 және 6 наурыз аралығында волейболдан II лига колледждері арасында XXXIII облыстық спартакиаданың кезекті кезеңі өтті. Жарысқа 13 мықты команда қатысты. Павлодар химия-механикалық колледжінің құрама ерлер командасы, құрамында: капитан Лаврик Никита, Құдайберген Ілиас, Беспалько Никита, Жаскайрат Бексултан, Омаров Адиль, Степанов Михаил, Айсен Әділ , Есенгелді Дінмұхаммед, Мусагитов Назар,Тулеу қиын күресте жарыстың күміс жүлдегерлері атанды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және колледж намысы үшін жаңа жетістіктер тілейміз.

Authorization
*
*
Password generation