2016 жылы 18 қазанда «СЕРПІН-2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» Республикалық әлеументтік жобасының Гүлзия Қадырқызы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президентінің кеңесшісі Талғат Төлеубайұлы Асқаров «Серпін-2050» мемлекеттік жобасы шеңберінде жұмыс сапарымен Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК келді.
Кездесу барысында студенттер пікірлерін айтты, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды. Кездесу қолайлы және әсерлі өтті.
Кездесу барысында қонақтар “Технопарк”оқу-өндірістік кешенімен, слесарлық, дәнекерлеу, механикалық зертханаларымен; органикалық химия, өндірісті бақылау және мұнай өнімін техникалық талдау, органикалық химияның зертханасы, физика-химиялық талдау әдістері, бейорганикалық синтез, аналитикалық химия зертханаларымен танысты.