БОС ОРЫНДАР

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының білім беру басқармасының

«Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК

 Павлодар қ., Торайғыров к.,70, 55-52-66, e-mail: pavhmk@mail.kz.

Бос лауазымдарға

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

«МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» мұнай-химия саласының білім беру бағдарламасы бойынша (мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын топтарда) АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ – 4,0 бірлік.

«ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНДІРІС» мұнай-химия саласының білім беру бағдарламасы бойынша АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ – 0,5 бірлік.

«ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ» мұнай-химия саласының білім беру бағдарламасы бойынша АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ – 3,0 бірлік.

— «ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ» мұнай-химия саласының білім беру бағдарламасы бойынша АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ (декреттік демалыс кезеңіне уақытша бос орын, 3 жыл) – 2,0 бірлік.

– «ГЕОГРАФИЯ» ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ – 0,5 бірлік.

– «ИНФОРМАТИКА», «ГРАФИКА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ», «ҚОЛДАНБАЛЫ ИНФОРМАТИКА» ПӘНДЕРІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ (декреттік демалыс кезеңіне уақытша бос орын,  3 жыл) – 2,1 бірлік.

Оқытушының еңбекақысы:

– өтіліне және біліктілік санатына сәйкес төленеді;

– жоғары білім, тарифтік бірлік (min): 155734 теңге.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 ж. 22.07. бастап 2025 ж. 30.07.

Конкурстық комиссияның отырысы 2025 жылғы 5 тамызда сағ 10.00-де өтеді.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып-бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелді);

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса). Ескертпе: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша кемінде екі жыл өндірісте жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыным хат.

12) кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер мен дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.

Лауазымдық міндеттері:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;
  • әдістеме оқытудың ең тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
  • білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
  • оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
  • білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  • жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттардың міндетті тізбесін жүргізеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

– тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

– немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда мамандық бойынша жұмыс өтілі: модератор-педагог үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог зерттеуші кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін 5 жыл.

Authorization
*
*
Password generation