Бизнес жобаларды қорғау!

“Кәсіпкерлік қызмет негіздері” пәні бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы аясында 28 қарашада Павлодар химия-механикалық колледжінің конференц-залында бизнес-жобаларды қорғаудың кезекті кезеңі өтті.

Студенттер сараптама комиссиясы алдында өздерінің бизнес-жобаларын қорғады. Сараптама  комиссиясы құрамына ҚР “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілі Дидар Қыпшақбаев кірді

“Қағаз пакеттер өндірісі”, “Жарнама агенттігін ұйымдастыру”, “Кілемдерді химиялық тазалау”тақырыптары бойынша табысты жұмыстар атап өтілді.

Оқу кезінде студенттер бизнес-жобаларды дайындауда, инвестициялық қаражатты тартуда білім мен тәжірибелік дағдыларды алды, кәсіпкерлік саласындағы маркетинг пен салық салудың ерекшеліктері туралы білді, өз жұмыстарын таныстыру тәжірибесін алды.

Authorization
*
*
Password generation