«ПАВЛОДАР ХИМИЯ-МЕХАНИКАЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ» КМҚК
2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ
ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
- Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылы 27 шілдедегі Заңына (2016 жылы 9 сәуірдегі өзгерістер және толықтырулар енгізілген) сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «19» қантардағы № 130 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарлама «Еңбек»», Павлодар облысының әкімдігі 2015 жылғы «28» мамырдағы № 153/5 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті негізінде «Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК 2018-2019 оқу жылына оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.
- Химия-механикалық колледжіне негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіпік жоғары) білімі бар. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтағы жоқ адамдар қабылданады, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
- Колледжге түскен кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «28» ақпан № 264 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдармаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» (өзгеріс енгізілді – 29.12.2017 № 923) :
– I және II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 %;
– жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңістірілген адамдар үшін – 0,5%;
– ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауыл (cело) жастары арасынан шыққан азамматар жастары үшін – 30%;
– Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4%;
– жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1%;
– Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 10 %;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын колледжбен белгілейді.
- Оқуға қабылдау тәртібі
- Колледжге оқуға тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін 20 мамырдан бастап қабылдау комиссиясы жұмысын істейді.
- Колледжі қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келесімі бойынша шешіледі.
7. Қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін,қашықтан оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе білім беру ұйымының интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.
– күндізгі оқу нысанында – 30 тамызға дейін,
– қашықтан оқу нысанына – 30 қыріқүйекке дейін мәлімденеді ақпараттық стендтерде немесе интернет ресурстарда орналастырылады.
- Колледжге оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың
– күндізгі нысанына – 20 маусым мен 25 тамыз аралығында,
– қашықтан оқу нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
- Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 6 суретті қоса береді.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
- Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер – негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
- Білім беру ұйымына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау таңдалған мамандығы бойынша оқыту үшін қарсы көрсетілімдерінің болмауы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып, заңды өкілдердің біреуінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.
- Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін
– оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 27 тамыз аралығында,
- қашықтан оқу нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
- тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады.
- Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогикалық қызметкерлердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
Хатшы аппеляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.
- Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.
Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.
Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.
- Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Емтиханға дәлелді себепсіз келмген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді.
- Білім алушылар құрамына қабылдау
- Павлодар химия-механикалық колледжіне білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс:
- ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде;
- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде;
- пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес балдар сомасы ескеріледі.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем жинағандар жіберілмейді.
Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) күндізгі оқу нысанына – 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;
2) қашықтан оқу нысанына – 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
- Колледжге қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.
Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, қашықтан оқу нысандарына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.
- Осы Ережелерімен реттелмейтін мәселері ПХМК қабылдау комиссиясымен анықталады.
Қосымша № 1
Павлодар химия-механикалық колледжіне 2018-2019 оқу жылына қабылдау емтихандарды тапсыру үшін орта кәсіптік білім беру профилінен жалпы білім беру пәндер тізімдемесі
Коды
|
Мамандықтар | Профильдік пәндер | |
9 сынып негізінде | 11 сынып
негізінде |
||
0819000 | Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы | Химия | Химия |
0816000 | Химиялық технология және өндіріс (бейіні бойынша)
Химиялық қосындылар сапасына аналитикалық бақылауды жасау |
Химия | Химия |
0808000 | Мұнай, газ өндеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | Математика | Математика |