1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында Павлодар химия-механикалық колледжінде Павлодар қаласының танымал спортшыларымен кездесу өтті. Оған Фатхутдинов Дамир-жоғары санатты жаттықтырушы және муай-тай бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері қатысты; Ахметов Фархат-Қазақстан чемпионы, муай-тай бойынша әлем чемпионы және Абишев Азамат – муай-тай бойынша ҚР спорт шебері. Бірінші курс студенттері қонақтармен әңгімелесуге үлкен қызығушылықпен қатысты. Шақырылған спортшылардың әрқайсысы өздерінің спорттық қалыптасу тарихымен және оларды ең жоғары дәрежелі жетістіктерге жетелейтін жолдарымен бөлісті. Студенттер қойған қызықты сұрақтардың алуан түрлілігі диалогқа жанды қарым-қатынас пен жағымды эмоциялар әкелді.
Технологиялық пәндер апталығы
«Құқықтық мемлекет»
Жалпы білім беретін пәндер ЦӘК апталығы аясында колледж қабырғасында 1 курс студенттері арасында «Құқықтық мемлекет» тақырыбында дебат өткізілді. Ойындар өте тартысты өтті, студенттер жақсы әңгімелесу дағдыларын, заманауи әлемнің өзекті мәселелерін жақсы білетіндіктерін көрсетті. Қорытынды бойынша ТНГ 22-9-2 тобы жеңімпаз атанса, екінші орынды 22-9-1 ТНГ командасы, үшінші орынды ЭТОМ 22-9-1 командасы иеленді. Жарайсыңдар! Құттықтаймыз!
Әскери қолданбалы спорт түрлері
31.03.23 Ақпараттық технологиялар колледжінде АӘД оқытушысы Н.Т. Жансүгіровты еске алуға арналған әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық турнир өтті. Жарыс қорытындысы бойынша ПХМК құрамасы 1 жалпыкомандалық орынға ие болды.
“Саналы ұрпақ”
Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша профилактикалық жұмыс болашақ түлектердің қызмет бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуы тиіс. “Саналы ұрпақ” колледжінің студенттік клубының мүшелері: Бегимбетов Ілияс, Степанов Михаил, Чупров Никита, Шакуов Карим, Туналиев Мирас 31 наурызда Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі базасында өткен өңірдің дамуына үлес қосқан түрлі кәсіп өкілдерімен кездесуге қатысты. Спикерлер мен шақырылған қонақтар арасында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша жанды диалог өтті.