Аумақты қардан тазартуда
Алғыс айту күні қарсаңында біздің студенттер "Самал" балалар сауықтыру орталығына аумақты қардан тазартуда көмек көрсетті.
“Жаңа адам”
Абай Құнанбаевтың ақындық шығармашылығының негiзгi бөлiгi жас жеткiншектерді бiлiм-ғылым негiздерiн меңгеруге шақырады.
Ол болашақтың негiзiн қалаушы еңбеккер де, ғалым да “жаңа адам” жеткiншек болатынына сенiммен қарады.
Жасымда ғылым бар деп ескермедiм,
Пайдасын көре тұра тексермедiм
Ержеткен соң түспедi уысыма,
Қолымды мезгiлiнен кеш сермедiм.
Баланы оқытудағы халықтың мүдденi көрсетпес.
Павлодар техникалық сервис колледжінде Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Арттағыға сөзің мен ісің қалсын» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференцияға Павлодар химия-механикалық колледжінің «Мұнай газ өндеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша 18-11 тобының оқушысы Айтбаев Бекзат, 17-11 тобының оқушысы Тазабек Жармахан қатысты.
Айтбаев Бекзат «Абай ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысуы» тақырыбында баяндама жасап, «Абайтанушы» номинациясында Алғыс хатпен марапатталды. Жетекші Смаилова Г.Н
«Өзінді құрметемесен өз ана тілінді құрметтеуге міндеттісін».
Халықаралық ана тілі күні студенттер өте қызықты түрде әртүрлі іс-шаралар өткізді. Мерекенің тарихымен, дүниежүзінің тілдерімен, мақал мәтелдерді және нақыл сөздерді еске түсіріп байқауларға белсене қатысты.
«Үлкен халық – үлкен отбасы»
«Үлкен халық – үлкен отбасы» атты іс-шара түрінде дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараның мақсаты Қазақстан халқының ассамблея идеяларын дамыту және студенттік ортада қоғамдық келісім мен бейбітшілікті сақтау және нығайту. Ассамблеяның жастар қанатының құрамы- Смаилов Рамиль – координациялық кенесінің төрайымы, Гебель Роман «Ленз» неміс жастар клубының төрайымының м.а., Елемесова Зарина – орталық координаторы, «Полония»-Жабко Алина, «Славян мәдениет орталығы»- Шрейнер Виктория, Румын –молдавия қоғамы «Буковина», «Беларусь» мәдени орталығы, «Нұр ана әлемі» ҚҚ, және колледж студенттері мен оқытушылар.
Дөңгелек үстел барысында келесі сұрақтар қарастырылды: Қазақстан халқының ассамблея тарихы мен қызметтері, республикалық жастар қозғалысы «Жангыру жолы» қызметі, Қ. Даржуман атындағы ұлттық жаңару мектебі, және Қазақстан халқы ассамблеясының жұмыс жасауда жаңа бағыттары – медитациялар мен қайырымдылық.
Іс-шара қатысушыларының барлығы бір тұжырымға тоқталды, себебі Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі арқылы қоғамдық келісімнің ерекше түрі, сенім атмосферасы, қарым-қатынастың жақсаруы, өзара түсінісу мүмкіндіктері қалыптасты.