“Бітімгершілік қызмет дегеніміз не: Қазақстан үшін салдары”

2021 жылғы 2 наурызда Павлодар химия механикалық колледжінде 2 курс студенттерінің қатысуымен “Бітімгершілік қызмет дегеніміз не: Қазақстан үшін салдары” тақырып бойынша пікірталас өткізу жоспарлануда. Іс-шара Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 29 жылдығына орайластырылған.

“Мұқағали Мақатаев – мәнгілік ғұмыр”

“Мұқағали Мақатаев – мәнгілік ғұмыр”
YouTube каналында қараныздар

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша олимпиада

Павлодар химия-механикалық колледжінің 1 курс студенттері Қазақстан-Ресей мұғалімдер қауымдастығының олимпиадалар орталығы ұйымдастырған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша олимпиадаға қатысты (Шымкент қ.)
Қатысу «Өзін – өзі тану-махаббат пен шығармашылық педагогикасы» ақпараттық науқанына орайластырылған. Олимпиада сұрақтары отбасына, мәңгілік құндылықтарға және өмірдің адамгершілік негіздеріне арналды. 2021 жылдың 5 ақпанында жеңімпаздар анықталды!
1 дәрежелі диплом алды
Роман Богдашин, ТНГ 20-9-2 тобының студенті
Данил Батурин, ТНГ 20-9-2 тобының студенті
Владислав Березин, ТНГ 20-9-2 тобының студенті
Евгений Скрипник, ТНГ 20-9-2 тобының студенті
Антон Дьяченко, ТНГ 20-9-3 тобының студенті
Егор Слободян, ТНГ 20-9-3 тобының студенті
Егор Чернышов, ТОРО 20-9-1 тобының студенті
Иван Шиковец, ТОРО 20-9-1 тобының студенті
Жеңімпаздарды колледждің педагог-психологы Татьяна Викторовна Зеленцова дайындады.
Студенттерімізді құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!!!

«Көптілділік-табысты болашақтың кепілі»

«Көптілділік-табысты болашақтың кепілі» – дәл осы сөздер Қазақстанның ТжКБ жүйесінде көптілді білім беруді дамытудың маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді. 2021 жылдың 29 қаңтарында Павлодар химия-механикалық колледжінде әдістемелік апта аясында «Көптілділік және көпмәдениеттілік – білім берудің базалық құзыреттілігі» тақырыбында вебинар өткізілді. Аталған іс-шара «Кәсіби ағылшын тілі» пәні (оқытушы А.С.Куракбаева) арқылы болашақ мамандарды кәсіби-бағытталған шет тілдік даярлауды модельдеу бойынша заманауи тәсілді қарастыруға, сондай-ақ арнайы пәндер сабақтарында ағылшын тілін енгізу мәселесі бойынша әріптестер арасында педагогикалық тәжірибені таратуға бағытталған (оқытушылар М.Т. Шарапиденова, С.Б. Умурзакова, И.К. Омарбекова). Бүгінгі күн өмірдің жылдам ырғағын талап етеді, сондықтан өзінің кәсіби тәжірибесін тарату мүмкіндігі қазіргі заманғы мұғалім үшін міндетті болып табылады, оның кәсіби құзыреттілігі мен өзін-өзі дамытуының дәлелі.

«Нейробика. Миға арналған Фитнес»

Павлодар химия-механикалық колледжінде әдістемелік апта аясында «Нейробика. Миға арналған Фитнес» атты тренинг курсы өтті. Колледж психологы Т.В. Зеленцова оқытушыларға жеке тұлғаның стресске төзімділігін қалыптастыруға және өмірлік дағдарыстар кезінде стресстің әсерін азайтуға көмектесетін ми белсенділігін ынталандыру үшін фитнес жаттығуларын ұсынды. Тренингтер 2021 жылғы 13-19 қаңтар аралығында өтті және Нейробиканың үш бөлігінен тұрды: Жеңілдену, Тазару, Қайта қалпына келу. Оқытушылар үйде фитнес жаттығуларын қолдануға мүмкіндік алды. Нейробиологияның тиімділігі бойынша кері байланыс алынды.
Authorization
*
*
Password generation