Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған электронды өнімдері

Қазақ тілін оқуға арналған порталдар:

«abai.institute» – бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба.

«tilqural.kz» – қазақ тілін оқытуға арналған веб-сервис.

«tilmedia.kz» – қазақ тілін қызықты әрі тиімді түрде үйренуге мүмкіндік беретін үш тілді сайт

«balatili.kz» – сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға арналады

Тілдік сауаттылықты арттыруға бағытталған сайттар:

«emle.kz» – сайты қазақша дұрыс жазу, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру мақсатында құрылды

«termincom.kz» – сайты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді бірыңғай электрондық базаға үздіксіз енгізу мақсатында құрылды.

«sozdikqor.kz» – әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздермен және тұрақты сөз тіркестерімен мағынасымен танысуға мүмкіндік беретін алғашқы әмбебап платформасы.

«qazcorpora.kz» – қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусы.

Қосымша ресурстар:

«qujat.kz» – құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде сауатты әзірлеу бойынша үлгілер мен нұсқаулықтар берілген электрондық база.

«qazlatyn.kz» – еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін негізгі ұлттық порталы.

«atau.kz» – ономастикалық атаулар жинақталған сайт.

«tilalemi.kz» – тіл саясатын жүзеге асыру саласындағы жаңалықтар, лингвист ғалымдардың мақалалары, республикалық конкурстардың, іс-шаралардың ережелері және т.б. орналастырылған порталы.

Колледж студенттерінің превенция басқармасының бас маманымен және жастар қатарындағы спикермен кездесуі

27 сәуірде колледж студенттері превенция басқармасының бас маманы Саримов Рустам және жастар арасынан шыққан спикер Қайырбек Бауыржанмен кездесті.
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бекітілген тұжырымдамасы таныстырылып, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі құралдары талқыланды. Спикерлер парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеу қағидатты маңызды рөл атқаратынына ерекше назар аударды.
Семинар қорытындысы бойынша студенттерді парасаттылық және адалдық қағидаттарын тәрбиелеуге, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы еске салуға шақырды.

Хабарландыру!

«Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК Қамқоршылық кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының (одан әрі – Қағидалар) 5-тармағын орындау мақсатында арнайы, мамандандырылған білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қамқоршылық кеңестің құрамы қамқоршылық кеңес өкілдігіне үміткердің жазылған келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады.

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес, қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері; коммерциялық емес ұйым өкілдері (бар болса); ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі; қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, қамқоршылық кеңес құрамына кіру үшін төменде берілген байланыс мәліметтері бойынша жүгіну қажет: 8 (718) 2 55 58 80, 8 (705) 481 30 26

Қабылдау мерзімі ағымдағы жылғы 2-15 ақпан.

Біздің колледждің үздік студенттері – еліміздің болашағының негізі

Бүгін, 22 желтоқсанда М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыс әкімі А.Б. Сқақовтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Біздің студенттер: Анисимов Руслан – спорттық акробатикадан спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық турнирлер мен жарыстардың жүлдегері, 2021 жылғы спорттық акробатикадан Әлем чемпионатының қатысушысы «Спорттық шеберлік» номинациясы бойынша марапатталды. Вихляев Александр – «Ғылым және білім» саласындағы «Мен кәсіпкермін» республикалық конкурсының жеңімпазы». «Shell Қазақстан» қаржылық қолдауымен және серіктестікте «KAZENERGY» Қауымдастығы ұйымдастырған «Student Energy Challenge – Junior» республикалық байқауының жүлдегері «Кәсіби шеберлік» номинациясы бойынша марапатталды.

Біздің студенттерді кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа биіктерді бағындыруға, табыс және барлық жоспарларынды іске асыруға тілектеспіз! Сендер біздің мақтанышымыз!!!

«ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының қорытындысы

«ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық байқауы аяқталды. Жоба Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 100 үздік студенттерін тануға бағытталған.

Онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР колледждерінің 100 үздік студенті анықталды, олардың ішінде біздің колледж студенті Руслан Анисимов байқау жеңімпаздарының қатарына кірді.  Бұл үлкен жетістік! Республикалық кезеңге еліміздің барлық өңірлерінен 200-ге жуық студент іріктелді. «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» атағына дарынды балалар, халықаралық және республикалық жобалардың, Worldskills чемпионаттарының, олимпиадалардың, байқаулардың, жарыстардың көшбасшылары мен белсенді қатысушылары қатысты. Өзінің табандылығымен, мақсаттылығымен, өз ісінде ең жақсы болуға деген үлкен ықыласымен Руслан жеңіске жетті.

Руслан Анисимовты кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа биіктерді бағындыруға, табыс және барлық жоспарларынды іске асыруға тілектеспіз!

Authorization
*
*
Password generation