«Әскерге шақыру жасындағы жастардың құқықтық нормалары»

Бастапқы-әскери дайындық жетекшісі колледждің бозбалаларына «Әскерге шақыру жасындағы жастардың құқықтық нормалары» лекторийін өткізді. М.Б. Күренбаев өз сөзінде «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына тоқталды. Білім алушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті екенін атап өтті. Әскери қызмет – Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларына қол сұғылмаушылықты Қарулы қорғаумен байланысты әскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі.

«Қазақстан – әлем аумағы» кітап көрмесі

«Қазақстан – әлем аумағы» кітап көрмесі
Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді сақтау Тәуелсіз Қазақстанның басты әрі даусыз табыстарының бірі болды. Ұлттық бірлікті нығайту еліміздің және халқымыздың табысты болашағының кепілі болып қала береді.
Колледж кітапханасында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, Қазақстан халықтарының тарихи – мәдени дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында «Қазақстан-әлем аумағы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмедегі әдебиет Павлодар облысының аумағында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің тарихы мен қазіргі өмірін; рухани мәдениеттің, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің дамуын; бейбітшілік, достық пен келісімнің символы ретінде Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы туралы бейнелейді.

«Алтын жүрек анамыз», «Махаббатқа толы жүрек»

8 ақпан күні колледжде онлайн форматта «Алтын жүрек анамыз», «Махаббатқа толы жүрек» мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқауға 1-4 курс студенттері қатысты. Махаббат, бақыт, достық, денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық туралы өлеңдер оқылды. Байқау жеңімпаздары:1 орын – Зверев Александр, ТОРО 18-9 тобының студенті, 2 орын – Ярусов Даниил, ЭТОМ 21-9 тобының студенті, 3 орын – Казезов Дамир, Кабышкенов Даниял, ТНГ 21-9-1 тобының студенттері. Байқауға белсенді қатысқаны үшін барлығына алғыс айтамыз. Жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

«Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу»

2022 жылғы 03 ақпанда медико-психологиялық көмек қызметінің психологы С.Г. Шиман сенім телефонымен ПХМК 3 курс студенттерімен «Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
Аталған іс-шарада студенттер психолог ұсынған өмірлік жағдайларға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

4 ақпан күні «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында 3 курс топтарында «Махаббат – өмір негізі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Білім алушылар өз сөздерінде махаббаттың адам өміріндегі маңызын ашты. Олар өздері бағалайтын мәңгілік адами құндылықтар туралы айтты: анаға, Отанға, туыстар мен жақындағыларға, достарға, табиғатқа деген сүйіспеншілік, еркек пен әйелдің сүйіспеншілігі, тіпті өзіне деген сүйіспеншілік.
Әңгімені қорытындылай келе, білім алушылар махаббаттың көрінісі – бұл адам өз орнында жасай алатын жақсылық екенін атап өтті. Сонымен, игі істер жасай отырып, сіз нағыз адам боласыз.
Сынып сағаттары жоғары эмоционалды деңгейде өтті.
Authorization
*
*
Password generation