Жаһандық бастамаларында Қазақстанның рөлі. EXPO-2017.

Жаһандық бастамаларында Қазақстанның рөлі. EXPO-2017.

          EXPO -2017, менің ойымша, Қазақстанның ең үлкен жетістігі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама мемлекет басшысына тиесілі. EXPO -2017 мемлекет басшысының жеке қатысуы мен бақылауының арқасында өткен жаһандық жабасы. Тоғыз жыл бұрын, 2008 жылы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Испаниядағы Сарагоса қаласында EXPO-2017 көрмесін өткізуге шешім қабылдады. Қабылданған шешімі 2017 жылы шындыққа айналып, өте табысты өтті. 9 маусымда Қазақстан барлық әлемге энергетика саласына байланысты өз ойын білдіруі, сонымен қатар Қазақстан Еуразия түкпірінде орналасқан, жиырма алты жыл ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген ел деп танылды. EXPO-2017 көрмесінің елордомызда өткені қазіргі тарихимызда жазылып қалады.

Қазіргі таңда көптеген жаһандық мәселелер бар, ал Астанадағы EXPO-2017  сол мәселелерінің шешімдері бар екенін көрсетті. Менің ойымша, «Болашақ энергиясы» атты тақырыпты таңдағалы өте дұрыс. Себебі, бұл бар әлем үшін ең өзекті мәселе, энергия сақтау технологиясын, күн, теңіз,мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік берді.

Көрме арқасында Қазақстан дамыған елдер қатарындағы, әлемдік өзекті проблемаларды шеше алатын ел ретінде өзін көрсете алды. Бұл көрме Қазақстанның XXI ғасырдағы жарқын болашағына жол ашты және Қазақстан біздің ғаламшарыздың тұрақты дамуы үшін бірегей технологиялық және экологиялық мәселелерді шешіп, жаһандық процесіне қатысатын ел ретінде өз әлеуетін кеңейтті.

EXPO -2017 – болашаққа үлкен қадам. Мақтануға лайық қадам!

 Байтемирова Малика, группа ТНВ — 17 — 9

Авторизация
*
*
Генерация пароля