Конкурс «Тіл білгірі»


Тіл-бұл біздің елімізде мекендейтін халықтың достығы, түсіністігі мен қарым-қатынас құралы. Қазір ана тілін ғана емес,басқа да тілдерді білу керек-бұл уақыт талабы. 2016 жылы 19 қыркүйекте «ПМХЗ»ЖШС Қазастан халқының тілдері күні аясында, көптілділік негіздерін қалыптастыру, тілге құрметпен қарауға тәрбиелеу, тіл туралы мәліметтерді жүйелеу, кеңейту мақсатында мемлекеттік тілді білуге арналған «Тіл білгірі» байқауы өтті.


Қатысушылар қатарында Павлодар химия-механикалық колледжінің дуалды түрі бойынша оқитын МГӨТ-13-9-1 тобының студенті Александр Останин болды.Байқау қатысушыларына жеңу үшін , бұл өзге ұлт өкілдеріне әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды жеңуге тура келді.

Қазылар алқасының бір ауыздан қабылданған шешімі бойынша 3 жүлделі орын тағайындалды: 1 орын- технологиялық қондырғылар операторы Я.Сергеев, 2-орын-жүргізуші инженер-энергетик Е.Лангольфқа және инженер-конструктор Дмитрия Денисоваға, 3орын химиялық сараптама лаборанты Виктория Топко мен колледж студенті Останин Александр бөліп алды.

«ПМХЗ»ЖШС бас директоры Ш.А.Данбай байқау қатысушыларына дипломдар тарту етіп, осы шараның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне белсенді ат салысқандары үшін алғысын білдірді.

Жоба «Ұрпақ +»

2016 жылдың 9 қыркүйегінде Павлодар көлік және коммуникация коледжінде Павлодар облысы білім басқармасының ұйымдастырған «Павлодар облысының білім беретін мекемелерінде «Ұрпақ +» оқу-мәдени жобасын жүзеге асыруға» негізделген семинар болып өтті.Тақырыпты ашу мақсатында « Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КМУ директоры А.А.Садыкова,ақпараттық-аналитикалық қызмет , жастар бастамаларын үйлестіру мен жүзеге асыру бөлімінің өкілі Ж.Е.Молдабаева, Павлодар мемлекеттік Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері шақырылды. Семинарға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қ.Қаиргельдинова және студенттік актив мүшелері А.Литвина, М.Сағадатова, Қ.Әуесхан қатысты.

«Білім күні»

2016 жылы 1 қыркүйекте Павлодар химия-механикалық колледжінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Ата-аналармен, оқушыларға колледж директоры Г.Қ.Аманжолова өз тілегін білдірді. Педагогика ардагері Н.Ж.Шахаева 1 курс студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға оқуда сәттілік, өздерін жақсы жақтарынан көрсетіп, алға қойған мақсаттарының мақсаттарының орындалуына, сондай-ақ ұстаздарға кәсіби табыс тіледі.

 Жиын аяқталған соң колледж оқушылары «Мәңғгілік ел» патриоттық актіне арналған «Мен өз елімнің патриотымын!»  деп аталған  біріңғай алғашқы сабаққа шақырылды.

2017 ж. Ашық есік күні

Оқу орнымен жақынырақ танысуды ниет  еткендер саны 200 оқушыны құрады.  Дәстүр бойынша шара колледж бойынша экскурсиядан басталды.   Балалар достық атмосферада болды. 
 Концерттік бағарлама сәлемдесуден және мамандық таңдауда  сәттілік тілеуден басталды.  Біздің арнайы пән оқытушылары  Н.В.Олешко, М.В.Назаренко, А.В. Назаренко мамандықтармен таныстыру бойынша  өткізген масстер-класстары түлектер мен және олардың ата-аналарымен лайықты бағаланды. Бағдарламаның мазмұндылығы шара қонақтарын қуантты.  Оқушылар би және музыкалық нөмірлерге  мәз болды.  Шаран пайдалы да қызықты болып, талапкерлердің өз білімдерін жалғастыратын оқу орнын анықтауға  көмектесетінене сенеміз. Біз сіздерді біздің колледждің  қабырғасында көруге  қуанышты боламыз және перспективалы және сапалы  білім алуларыңыз үшін  бар күш-жігерімізді саламыз. 

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation