Дуалдық оқыту

Колледж, Павлодар облысының білім беру басқармасы және Павлодар мұнай химиясы зауыты арасында Қосарлы оқыту жүйесі бойынша кадрларды даярлау жөнінде әлеуметтік серіктестік туралы 3-жақты келісім жасалды. Қосарлы оқыту жүйесі0808000 «Мұнай-газды өңдеу және химиялық өндірістерінің кәсіпорын жабдықтарын (түрлері бойынша) жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету» және 0819000 «Мұнай және газды өңдеу технологиясы» мамандықтар бойынша іске асырылады. Зауттың жетекші мамандарымен біріктіріліп эксперименттік жұмыс оқу жоспарлары құрастырылды. Бұл жоспар бойынша оқу уақытының 60% зауыттағы өндірістік тәжірибешілікке бөлінді.  Зауытта оқушылар үшін арнайы оқу полигондары құрылды, студенттерге тәлімгерлер бекітілді.
Жалпы алғанда мұнай химиясы зауыт қосарлы оқыту жүйесін енгізу үшін  80 млн. теңге салды. Сонымен қатар, ПМХЗ-да өткен 2 жыл тәжірибешілік еңбек кітапшасында ресімделетін еңбек өтіліне енгізіліп, саналады.  Осыған қоса мұнай химиясы зауыты біздің «Б» корпусымыздағы 720 шаршы метр көлемінде шеберханаларда күрделі жөндеу жұмыстарына35 млн теңге салды.
2015 жылы қосарлы оқыту жүйесінің 44 алғашқы түлегі шығарылды, оның ішінде 29 бала «Павлодар мұнай химиясы зауты» ЖШС жұмысқа орналастырылды, 3 балаға зауыт тарапынан Уфа мемлекеттік мұнай университетініңатаулы гранттары берілген
2016 жылы қосарлы оқыту жүйесі бойынша түлектер саны – 33 адам, оның ішінде 25 бала «Павлодар мұнай химиясы зауты» ЖШС жұмысқа орналастырылды.
Бүгінгі таңда «ПМХЗ» ЖШС-пен серіктестік аясында қосарлы оқыту жүйесі бойынша 50 білім алушының әр қайсысы ай сайын орта есеппен алғанда 50 000 теңге көлемінде жалақыны алып жүр.
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation